Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Харри Кейн футболшылар нұсқасы бойынша әлем құрамасына кірмей қалды: оның орнын кім басты?

0
"Алтын доптың" қазіргі иегері, "Бавария" мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн FIFPRO футболшылар кәсіподағының нұсқасы бойынша әлем құрамасына кіру үшін өткен дауыс беру қорытындысында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Tengri Sport ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Символдық құрамаға кіру үшін Кейнге бірнеше дауыс жетпей қалған.
Бұл ретте команда сапында француз Килиан Мбаппе, аргентиналық Лионель Месси, испаниялық Ламин Ямаль және норвегиялық Эрлинг Холанд бар.

"Харри Кейн 27,6 пайыз дауыс алғанына қарамастан, ерлер арасындағы әлемнің символдық құрамасына сәл ғана жетпей қалды. Биылғы шабуыл шебіне Эрлинг Холанд (28,4 пайыз), Килиан Мбаппе (46 пайыз), Лионель Месси (29,5 пайыз) және Ламин Ямаль (37,4 пайыз) таңдалды", - деп атап өтті FIFPRO өкілдері.

Мбаппе алаңдағы ойыншылар арасында ең танымалы болды - оған 9 мың 105 дауыс берілген. Одан көп дауысты тек "Арсенал" мен Испания құрамасының қақпашысы Давид Райя жинады - 10 мың 278 дауыс.
Дауыс беру қалай өтеді және оған кімдер қатысады?
FIFPRO дауыс беруіне 75 елден 26 мыңнан аса кәсіби футболшы қатысады. Кәсіподаққа нақты қай ойыншылар кіретіні белгісіз, бірақ ойыншылар кеңесінде, мысалы, Мессидің Аргентина құрамасындағы әріптесі Алексис МакАлистер бар.
Кәсіби футболшылар қорғалған цифрлық платформа арқылы дауыс береді. Құрама сапына қосылу үшін ойыншылардың 2025 жылдың 4 тамызы мен 2026 жылдың 19 шілдесі аралығындағы өнер көрсету нәтижелері бағаланды. Оған қатысу үшін осы кезеңде кемінде 30 ресми матч өткізу қажет болды.Әрбір дауыс беруші әр позиция бойынша (қақпашы, қорғаушы, жартылай қорғаушы және шабуылшы) өзін жақсы қырынан көрсеткен үш футболшыны таңдады.2026 жылғы әлем құрамасына кімдер кірді?Қақпашы
Давид Райя ("Арсенал", Испания).Қорғаушылар
Пау Кубарси ("Барселона", Испания);Ашраф Хакими ("Пари Сен-Жермен", Марокко);Нуну Мендес ("Пари Сен-Жермен", Португалия).
Жартылай қорғаушылар
Джуд Беллингем ("Реал Мадрид", Англия);Родри ("Манчестер Сити", "Барселона", Испания);Витинья ("Пари Сен-Жермен", Португалия).
Шабуылшылар
Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити", Норвегия);Килиан Мбаппе ("Реал", Франция);Лионель Месси ("Интер Майами", Аргентина);Ламин Ямаль ("Барселона", Испания).












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FIFPRO (@fifpro) жарияланымы


Харри Кейн - әлемнің үздік футболшысы
Еске салсақ, ағылшын Харри Кейн қазанда "Алтын допты" иеленген болатын, яғни ФИФА рейтингінің топ-100 тізіміне кіретін елдер журналистерінің нұсқасы бойынша әлемнің үздік ойыншысы деп танылды.
Шабуылшы "Бавария" мен Англия құрамасы сапында керемет маусым өткізді - ол 73 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Дегенмен, басты жүлделерге - Чемпиондар лигасы мен Әлем чемпионатындағы жеңіске жете алмады. "Бавария" да, Англия құрамасы да финалға бір қадам қалғанда сүрінді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Harry Kane (@harrykane) жарияланымы


Әлемнің үздік футболшысы “Алтын доптан“ бас тартуға дайын: қандай шарты бар?Әлемнің үздік футболшысы 35 дүркін чемпионмен келісімшартқа отырды





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net