Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

UFC басшысы Ақ үйдегі қызметтен бас тартты: Трамп мұмны қалай қабылдады?

0
UFC президенті Дана Уайт АҚШ президентінің "қалжыңынан" кейін бірнеше минутқа Дональд Трамптың баспасөз хатшысы болды, деп хабарлайды Tengri Sport.
7 қарашада АҚШ президенті Дональд Трамп Дана Уайтқа баспасөз хатшысы лауазымын ұсынғанын жариялады.
Сол кезде кейбір БАҚ мұны Трамптың UFC-дегі Уайтты АҚШ Қорғаныс министрлігінің бұрынғы өкілі Дана Уайт есімді әйелмен шатастырып алған деп есептеді.
Алайда Трамп әлеуметтік желілерде UFC басшысы туралы айтуын жалғастырып, тіпті оған Ақ үйге өзімен бірге промоушеннің танымал файтерлерін ала келуді ұсынды.

"Ұлы Дана Уайтқа - қатал файтер әрі жауынгерге Америка Құрама Штаттары Президентінің баспасөз хатшысы лауазымы ұсынылғанын қуанышпен хабарлаймын. Мен одан өзімен бірге көмекшілерін ала келуін өтіндім, тіпті олардың кейбірі біздің елден болмаса да, мәселен Ислам Махачев, Хабиб Нурмагомедов, Джастин Гейджи, Дэниел Кормье, Аманда Нуньес және Кайла Харрис секілді тұлғалар. Бізге бұл адамдар ессіз солшылдардан қорғану үшін керек. Дана ешкімге ұқсамайтын баспасөз хатшысы болады. Дана, өтінемін, бұл жұмысты қабылда! Президент Дональд Дж. Трамп", - деп жазды ол truthsocial желісінде.

Уайттың өзі бұл мәлімдемеге бірден жауап беруге асықпады, бірақ 9 қарашада Ақ үйге баратынын, содан кейін бәрі түсінікті болатынын айтты. Уайт президент резиденциясына келер алдында Трамп журналистерге ашық түрде "бұл қалжың еді" деді, содан соң Дананың баспасөз хатшысы рөліндегі жасанды интеллект арқылы жасалған видеосын жариялады.

Пранк бақылаудан шығып кетті: Дана Уайт Трампқа қойылған сұрақтарға жауап берді
Әлеуметтік желілердегі үш күндік әзілден кейін UFC президенті Ақ үйге жетті, ал Трамп оны баспасөз хатшысы ретінде өзін нағыз сынап көруі үшін микрофонға шақырды. Дана бұл минуттарды әдеттегі UFC баспасөз мәслихаттары сияқты өткізді.

"Мен мұны әрқашан істеп көргім келетін. Бірінші сұрақты кім қояды? Менің ешқандай саяси амбициям жоқ. Ол маған телефон соғып, мұны істегенін айтқанда, мен Лондондағы Zuffa бокс кешінде жүрген едім", - деді Уайт микрофон алдында.

Осыдан кейін ол Трамп туралы бірнеше қызықты сұрақтарға шынымен жауап берді.
– Егер UFC октагонында жасы мен салмағы бірдей Президент Трамп пен бұрынғы президент Джо Байден арасында жекпе-жек өтсе және олардың стилін ескерсек, қайсысы мықтырақ екеніне талдау жасай аласыз ба?

– Ол - мен өмірімде кездестірген ең мықты әрі төзімді адам. Соңғы сегіз, он жыл немесе қанша уақыт болса да, ол осының бәрін бастан өткеріп жатқанда, мен одан: "Мұны неге жалғастырып жатырсың? Не үшін істейсің?" - деп талай рет сұрадым. Білесіз бе, мен оны қаншалықты мықты деп санасам да, оған оқ атылғаннан кейін... Иә ол бірегей, теңдессіз адам", - деп жауап берді Дана.

Баспасөз мәслихатының соңында Трамп оған тағы бір мәрте баспасөз хатшысы болуды ұсынды, бірақ Уайт сыпайы түрде бас тартты.
– Сонымен, ең басты сұрақты қоюға рұқсат етіңіз. Дана, сіз Америка Құрама Штаттарының баспасөз хатшысы болғыңыз келе ме? Мына белгіге қараңызшы. Арқаңызда әрқашан Ақ үй, Вашингтон тұрады. Бұл сізге ұнар ма еді, әлде UFC-де қалғыңыз келе ме? Ә?
– Ұсынысыңызға рақмет, сэр, ұсыныс үшін. Мен саясатпен айналысқым келмейді. Жоқ.
– Мен бұл жаңалыққа таңғалдым. Баршаңызға қош сау болыңыздар, - деп түйіндеді Трамп.

President Trump Delivers Remarks, November 9, 2026 https://t.co/ETNkIw9LyK
- Ақ үй (@WhiteHouse) November 9, 2026
Сөз сөйлеп болған соң Дана Уайт әлеуметтік желілерде "Патриот. Жауынгер. Баспасөз хатшысы?" деген қысқа жазба жариялады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

The White House (@whitehouse) жарияланымы


Дана Уайт пен Дональд Трамптың қарым-қатынасы
Айта кетейік, Дональд Трамп пен Дана Уайт жылдар бойы бір-бірін ашық қолдап келеді. Дананың айтуынша, 2001 жылы АҚШ-тың болашақ президенті аралас жекпе-жектің коммерциялық әлеуетін көріп, UFC-дің қалыптасуына айтарлықтай көмек көрсеткен.
Биыл Трамп Ақ үй аумағында UFC турнирін өткізуге рұқсат беріп, оған қонақ ретінде белсенді қатысты.
Бұған дейін қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов жарақатының қайталануы туралы қауесеттерге байланысты өз жағдайы туралы мәлімдеме жасаған болатын, ал оның жаттықтырушысы Эдуард Базров файтердің Қатардағы UFC турниріне баратынын айтты.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net