Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Адамдар жұмысқа кешікті”: Алматы метросында ONAY жүйесінде ақау шыққан

0
9 қарашада таңертең Алматы тұрғындары метрополитендегі ONAY төлем жүйесінде ақау болғанын хабарлады. Жолаушылардың айтуынша, көпшілігі қосымша арқылы жол ақысын төлей алмаған. Салдарынан станцияларда ұзын-сонар кезек пайда болып, кейбір тұрғындар жұмысқа немесе оқуға кешігіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қаншама адам кешікті": не болды?
Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғындарынан метро жолақысын төлеуге қатысты ондаған шағым пайда болды.
Жолаушылар ONAY қосымшасының дұрыс жұмыс істемей тұрғанын, соның салдарынан турникеттерден өтуге қажетті кодты ала алмағанын хабарлады. Нәтижесінде, метро кіреберістерінде кезектер пайда болған.


"ONAY-дан қайырлы таң. Бүгін қаншама адам кешікті", – деп жазды қолданушылардың бірі.




Threads-тен көру


Басқа да қала тұрғындары бекеттерде адамның көптеп жиналғанына шағымданды.

"Бүгін ONAY үшін осындай кептеліс болды", – делінген басқа жазбада.






Threads-тен көру



Пайдаланушылар пікірлерде автобустарда да жол ақысын төлеуге қатысты мәселелер туындағанын жазды. Сондай-ақ кейбір жолаушылар метрополитенде Apple Pay арқылы төлем жасау мүмкін болмағанын айтады.
Алматы метрополитені не деп жауап берді?
Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі ONAY жүйесінде ақау болғанын растады. Мекеме мәліметінше, 9 қараша күні сағат 06:30-дан бастап метроның барлық станциясында жолаушылар жол ақысын қосымшадағы QR-код арқылы төлей алмаған.

"Сағат 09:30-да "Оңай" жүйесіндегі техникалық ақау толығымен жойылды. QR-код арқылы жол ақысын төлеу мүмкіндігі қалпына келтірілді. Туындаған қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз", - деп хабарлады метрополитен басшылығы.

Сонымен қатар метро әкімшілігі төлемнің басқа тәсілдері қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Жолаушылар турникеттерден өту үшін көлік карталарын, банк карталарын, Apple Pay, Samsung Pay жүйелерін және QR-коды бар қағаз билеттерді пайдалана алды.
Tengrinews.kz ақаудың себебін анықтау мақсатында Алматы қалалық әкімдігі мен ONAY компаниясына хабарласып, ақпарат сұрады. Мақала жарияланған сәтте олардан ешқандай жауап түскен жоқ.
Tengrinews.kz бұған дейін Алматы метросы жолаушылар ағынына неге толық төтеп бере алмай жатқанын хабарлаған болатын. Қарбалас уақытта станцияларда ұзын-сонар кезек пайда болып, пойыздарға адам сыймай қалады. Метро басшылығы мұның басты себептерінің бірі ретінде пойыз құрамдарының жетіспеушілігін атап өтті. Қазіргі уақытта бар 15 пойыздың 13-і ғана қызмет көрсетіп жатыр, ал 2027 жылы жаңа пойыздарды іске қосу жоспарланып отыр.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net