Астанада Есіл өзенінен 56 жастағы ер адам өлі табылды
Астанада Есіл өзенінен 56 жастағы елорда тұрғынының денесі табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәйіт туралы ақпарат Threads желісінде жарияланды.
"Бүгін Айтматов көшесіндегі көпір астынан Kolsai ТҮК маңында мәйіт табылды. Не болғанын білетіндер бар ма?"
Астана полициясы ақпаратты растады. Құқық қорғаушылар марқұмның жеке басын анықтаған.
"Зорлықпен өлімге әкеп соқтырған белгілер анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.
Бір апта іздеу және 63 рет су астына түсу: Зайсан көлінен екі балықшының денесі табылды
