Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Binance-қа жасалған шабуыл: Ким Чен Ынның әпкесі ФБР-ның айыптауларына қатаң жауап берді

0

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның әпкесі ФБР Binance криптобиржасына жасалған шабуылды КХДР хакерлерімен байланыстырғаннан кейін қатаң мәлімдеме жасады. Ол АҚШ-тың айыптауларын жоққа шығарып, қайтарылған қаражат кімге бұйыратынын анықтау шабуылдың артында кім тұрғанын білуге көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Кореяның орталық телеграф агенттігіне (КОТА) сілтеме жасап.
Ким Ё Чжон ФБР-дің айыптауларын арандатушылық деп атады
КХДР Еңбек партиясы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі Ким Ё Чжон өз мәлімдемесінде АҚШ-тың тағы Солтүстік Кореяны киберқылмыспен байланыстыруға тырысып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ФБР Binance криптобиржасына жасалған шабуылға КХДР тарапынан қолдау көрсетіледі-мыс делінген хакерлік топтың қатысы бар деп мәлімдейді.

"АҚШ-тың мәлімдемелері - ақылға қонымсыз әрі ешқандай негізі жоқ қауесеттер. Оларда ешқандай жаңалық жоқ", - деді ол.

Сонымен қатар Ким Ё Чжон Вашингтонды халықаралық қауымдастықта Солтүстік Корея туралы теріс түсінік қалыптастыруға тырысып жатыр деп айыптады.

"Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан барлық кибер алаяқтықты біз жасағандай етіп көрсету - елімізге қарсы бағытталған айқын әрі елеулі саяси арандатушылық", -делінген мәлімдемеде.

Ким Ё Чжон АҚШ-тың ұрланған криптовалютаға қызығушылығы бар екенін меңзеді
Солтүстік Корея көшбасшысының әпкесі АҚШ әкімшілігінің тәркіленген криптоактивтерге қатысты саясатына ерекше назар аударды. Ол қазіргі АҚШ әкімшілігі қызметке кіріскеннен кейін заңсыз ұрланған криптовалюта активтерін тәркілеп, олардан стратегиялық мемлекеттік резерв құру ниетін жариялағанын еске салды.

"Ұрланғанды делініп, кейін қайтарылған қомақты көлемдегі криптовалюта түптеп келгенде кімнің толық иелігіне өтетінін ой елегінен өткізсек, бұл қазіргі хакерлік шабуылдың артында кім тұрғанын анықтауға мүмкіндік беретін кілт болуы мүмкін", - деді Ким Ё Чжон.

Binance-қа жасалған шабуыл туралы не белгілі
29 қазанда кешке Binance ең ірі криптовалюта биржасына шабуыл жасалды. TRM Labs аналитикалық компаниясының деректері бойынша, қаскөйлер платформа әмияндарынан жалпы құны шамамен 6,36 миллиард доллар болатын криптовалютаны шығарып алған. Операция бірден он блокчейнге әсер етіп, қаражаттың негізгі бөлігі шамамен 20 минут ішінде аударылған.
TRM Labs компаниясы шабуылды Солтүстік Кореядағы элиталық хакерлер - TraderTraitor тобымен байланыстырды.
Бұдан соң ФБР Binance-қа жасалған шабуылдың артында Солтүстік Корея тұрғанын ресми түрде мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, TraderTraitor тобының мүшелері ұрланған активтерді негізінен Ethereum-ға айырбастаған. Сонымен қатар ФБР АҚШ-тың Құпия қызметімен және АҚШ-тың Салық қызметінің қылмыстық тергеу бөлімімен бірлесіп қаражат қозғалысын қадағалап жатқанын хабарлады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net