Добавить новость
123ru.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Тоқаев QazaqGaz басшысын қабылдады

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің 2026 жылғы нәтижелері және алдағы жылдарға арналған жоспары жөнінде есеп берілді.

Президентке тұрғындарды және ел экономикасын табиғи газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ QazaqGaz ұлттық компаниясының 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына толық дайындығы туралы мәлімет ұсынылды.

Әлібек Жамауов Мемлекет басшысының геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шалқар, Саралжын, Малдыбай, Солтүстік-2, Солтүстік-1 және Аққұдық, Придорожное учаскелерінде жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның ірі инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру барысы баяндалды. Қуаты жылына 1 миллиард текше метр көгілдір отын өңдеуге жететін Қашаған газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Өндіріс нысанын пайдалануға беру мерзімі 2027 жылдың ІІІ тоқсанына жоспарланған. Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жобасы бойынша инженерлік жобалау, жабдықтар мен материалдарды сатып алу жұмыстары қолға алынып, құрылыс-монтаждау кезеңі басталды. Жылына 2,5 миллиард текше метр газ өңдеуге қауқарлы Қашаған газ өңдеу зауыты және жылына 5 миллиард текше метр газ өңдейтін Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобалары бойынша ЕРС-мердігерлер анықталды.

Сондай-ақ "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы салаға цифрлық шешімдер енгізу жөнінде ақпарат берді. Aqyl Energy бастамасы аясында жасанды интеллект пен деректерді талдау элементтерін қолдана отырып, газбен жабдықтауды есепке алу және басқару үдерісін цифрландыру жүзеге асырылып жатыр. Газды есепке алуға арналған 1,3 миллионнан астам аспап интеллектуалды есептегіштерге кезең-кезеңімен ауыстырылуда.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлттық компанияның жоспарымен танысты. Соған сәйкес, солтүстік өңірлерге – Көкшетау және Петропавл қалаларына көгілдір отын жеткізу, газ-моторлы отын нарығын дамыту, Рудный қаласында жылына 50 мың тонна сұйытылған табиғи газ өндіретін аз тонналы зауыт салу, 4-ші жерасты газ қоймасының құрылысын жүргізу жұмыстары басталды.

Кездесу соңында Президент жылыту кезеңінде тұрғындарды және экономиканы көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз ету, тауарлы газ қорын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net