Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026

Ауылдан шыққан 18 жастағы қазақстандық спортшы бокстан әлем чемпионы атанды: ол туралы не белгілі?

0
Қазақстандық Зарина Толыбай Черногорияда өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына алтын салған жалғыз спортшы атанды. Tengri Sport чемпионмен тілдесіп, оның жеңіске жетелеген қиын жолы туралы басты деректерді жинады.
Қазақстандық ауыр салмақтағы спортшы 80 келіден жоғары санатта өнер көрсетеді. U-19 әлем чемпионатында ол Френцис Таафакиді (Тувалу) техникалық нокаутпен, түркиялық Мирай Догруды, ал финалда ресейлік Самира Итониеваны жеңді.
Зарина бұл турнирде Қазақстан сапынан жалғыз чемпион атанды - қалған үш финалда отандастарымыз есе жіберді.
Ауылда туып, екі дүркін Азия чемпионы атанды: Зарина Толыбайдың жолы
Қазақстандық спортшы Қызылорда облысының Жалаңтөс батыр ауылында дүниеге келген. Онда мыңға жуық адам тұрады.
Қыздың талантын Қазалы аудандық №18 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Руслан Жолбарысов байқаған. Ол әлі күнге дейін чемпионның жеке бапкері.

"Мен боксқа жеке бапкерімнің арқасында келдім. Ол маған бағыт-бағдар беріп, боксқа деген көзқарасымның оң бағытта өзгеруіне көмектесті", - деді Зарина тілшімізбен болған әңгімеде.

Бұл ретте қыздың айтуынша, оның жекпе-жекке деген бейімділігі күнделікті өмірде байқалмаған.
- Балалық шағыңыз туралы айтып беріңізші - ұлдармен төбелескен кездеріңіз болды ма және жалпы құрдастарыңыз бокспен айналысуыңызға қалай қарады?
- "Бала кезімде жуас қыз болдым. Ұлдармен төбелескен жоқпын, ондай ештеңе болмады. Қазір спорт интернатында оқимын. Барлығы маған оң көзбен қарайды", - деп атап өтті ол.
2019 жылдан бастап ол өз жас санатында облыстық жарыстарда жеңіске жете бастады, ал 2022 жылы Қазақстан чемпионы атанды.
Алғашқы халықаралық табыс 2023 жылы келді - сол кезде ол алғаш рет жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын жеңіп алды. Бір жылдан кейін ол құрлықтық турнирдегі жетістігін қайталап, енді міне, әлем чемпионатында топ жарды.
"Иә, мен екі дүркін Азия чемпионы атандым, енді міне әлем чемпионы болдым. Бұл жетістіктер оңай келген жоқ: маған көптеген жаттығу мен жарыстардан өтуге тура келді. Мен үшін бұл өте маңызды, бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз", - деді спортшы қыз.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Зарина Толыбайдың (@zzarinatolybai) жариялаған жазбасы


Зарина ересектер деңгейінде бәсекеге түсуге дайын ба?
Толыбай өнер көрсететін салмақта ұлттық құраманың көшбасшысы - Елдана Тәліпова. 24 жастағы боксшының қоржынында Азия чемпионатының жеңісі, сондай-ақ әлем чемпионаттарының күміс пен қола жүлделері бар.
- Қазір біз олимпиадалық циклдің қарсаңында тұрмыз. Қалай ойлайсыз, қазірдің өзінде ересектер деңгейінде бәсекелестік тудыруға дайынсыз ба әлде бұл туралы айтуға әлі ерте ме?
- "Жалпы, бұл туралы айтуға әлі ерте, өйткені алда не болатынын білмейміз", - деп жауап берді қыз қарапайымдылық танытып.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба


Кәсіпқой боксшылар АҚШ-тағы Олимпиадаға жіберілді: бұл Қазақстан үшін нені білдіреді?





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net