Ағылшын футболындағы сенсация: “Арсенал“ төртінші дивизион клубынан ұтылып қалды
Еуропаның ең мықты ұжымдарының бірін ұлттық турнирден Англияның 2-лигасында (елдегі деңгейі жағынан төртінші) аман қалу үшін күресіп жүрген "Флитвуд Таун" ойыншылары шығарып жіберді.
Ойынның 21-минутында "Флитвуд" футболшысы есеп ашты: Лупало-Би айып алаңына бұзып кіріп, қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді.
"Арсенал" тек екінші таймда есепті теңестіре алды. 50-минутта Виктор Дьекереш қапталдан асырылған пасты голға айналдырғанымен, бұдан кейін командалар қақпаға доп сала алмады.
Ең маңызды сәт 85-минутта болды: лондондықтардың 16 жастағы қорғаушысы Макс Доуман қарсыласқа дөрекі жауап қайтарып, жанжалға араласқаны үшін тікелей қызыл қағаз алды.
Ойын пенальти сериясына дейін ұласып, онда "Флитвуд" қақпашысы Бруно Гимараэстің соққысын қайтарып, өз командасын Англия лигасы кубогінің келесі кезеңіне алып шықты.
Айта кетейік, "Арсенал" сапында клубтың көптеген жұлдызы болды - Кай Хавертс, Виктор Дьекереш пен Тимбер негізгі құрамда шықса, Мартин Эдегор екінші таймда өнер көрсеткен.
"Арсенал" тарихи жеңіліске ұшырады
Айта кетерлігі, "Арсенал" Лига кубогінде 4-дивизион клубынан ұтылып, жарыс жолынан шыққан Англияның алғашқы қазіргі чемпионы атанды.
Бұған дейін де "Арсенал" аталған турнирде 4-лига командасымен кездесуде жеңілген болатын. 2012/13 жылғы маусымда оларды "Брэдфорд" командасы пенальти арқылы жарыстан шығарған еді.
"Өте көңілсіз күн" - бапкер жеңілістен есеңгіреп қалды
Лондондық клубтың бапкері Микель Артета шулы жеңіліске қарамастан, ойыншыларына ешқандай кінә артпайтынын мәлімдеді.
"Ойыншыларымның іске деген ынтасына еш мін таға алмаймын. Бұл деңгейде талап етілетін дүниені жасамай жатқан ешкімді көрмедім. Бірақ біз өз ойынымызды барынша көрсеттік, допқа көп иелік еттік, көптеген мүмкіндік жасап, қақпаға соққы бағыттадық. Егер пенальти сериясына дейін есеп айырмасын ұлғайтқыңыз келсе, сол мүмкіндіктерді пайдалану керек еді, ал біз оны істей алмадық - футболдың мәні де осында.
Жұмысқа деген көзқарасқа келсек, шағымым жоқ. Олай болмағанда, мен қазір бұл жерде ашуланып тұрар едім. Көңілім түсіп тұр, бәріміздің де мұңайғанымыз анық. Осы эмблеманы лайықты деңгейде таныту біз үшін үлкен жауапкершілік", - деді мәлімдеді бапкер.
Айта кетейік, матч кезінде бапкер анағұрлым эмоцияға берілген еді. Әлеуметтік желілерде Доуман қызыл қағаз алғаннан кейін, Артета оған наразылық білдіргені айтылған.
I can’t believe Mikel Arteta insulted a 16 years old Max Dowman for mistakenly getting a red card against Fleetwood Unprofessional the kid needed a hug???? https://t.co/3HdW1LYvCp
— CFC OBEY®️ (@_kobbyphocus) October 27, 2026
"Арсенал" - Англия чемпиондары және Чемпиондар лигасының финалистері
Еске сала кетейік, өткен маусымда лондондық ұжым екі жылдан кейін Англия Премьер-лигасының чемпиондық титулын қайтарып алған болатын. Артета командасының "алтын дубль" жасауға да мүмкіндігі болды, бірақ Чемпиондар лигасының финалында "Арсенал" француздық "Пари Сен-Жерменнен" жеңіліп қалды.
Жаңа маусымда "Арсенал" Чемпиондар лигасында жеңіліссіз келеді - екі жеңіс және "Бавариямен" тең ойын. Бұдан бөлек, команда Англия чемпионатында "Манчестер Ситимен" ұпайлары тең болып, екінші орында тұр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Arsenal (@arsenal) жарияланымы
Бұған дейін 2025-2026 жылғы маусымда әлемнің үздік футболшысы болып "Арсенал" түлегі Харри Кейн танылған еді.
Ал "Реалдың" француздық шабуылшысы Килиан Мбаппе Мао Цзэдунды "қытайлық диктатор" деп атағаннан кейін дауға қалды.
