Астанада 14-қабаттағы пәтер өртенді - екі бала құтқарылды
Астанада 18 қабатты тұрғын үй кешенінде шыққан өрт кезінде төрт адам, соның ішінде екі бала құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан 18 қабатты тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Жиһаздар мен үй заттары жанған. Өрт туралы шақырту таңғы сағат 10:36-да түскен. Өрттің аумағы - 25 шаршы метр.
"ТЖД қызметкерлері құтқару маскаларының көмегімен төрт адамды құтқарып қалды, олардың екеуі - балалар", - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Видеодан скриншот/ТЖМ/Telegram
Видеодан скриншот/ТЖМ/Telegram
Өрт толық сөндірілді. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт кезінде дереу 112 нөміріне қоңырау шалып, лифтті пайдаланбау және құтқарушылардың нұсқауларын орындау қажетін ескертті.
