Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан қазақстандықтарды марапаттады

0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты іс-шарада ел дамуына елеулі үлес қосқан қазақстандықтарды марапаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жоғары мемлекеттік наградаларға ие болғандар қатарында жұмысшы мамандық иелері, мәдениет қайраткерлері, педагогтер, ғалымдар мен медицина қызметкерлері бар.
Жоғары наградаларды кімдер алды?"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы металлург Әбдірәшит Доспановқа берілді, ол әке ізін басып, осы салада 40 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келе жатыр.


"Кәсіби шеберлігі мен еңбекке адалдығының арқасында зор табысқа жетіп, елімізді өркендетуге мол үлес қосып жүр. Бүгінде жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, оларға өмірлік кәсібінің қыр-сырын үйретуде", - деп атап өтті Президент.

Композитор әрі педагог Алтынбек Қоразбаевқа "Отан" ордені табысталды.

"Оның әндері бірнеше буынның жүрегіне жол тауып, қазақ өнерінің алтын қорына қосылды", - деді Тоқаев.

Даңқты альпинист Қазбек Валиев ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Президент оның планетаның ең биік шыңдарын бағындырудағы жетістіктерін атап өтті.
Педагогтер мен мәдениет қайраткерлеріне берілген наградалар
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың заманауи тәсілдерін енгізіп жүрген жаңашыл мұғалім Наталья Сафиулинаға "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағы берілді.

"Мемлекет шын мәнінде инклюзивті қоғам қалыптастыруға үлес қосып жүрген осындай педагогтерді әрдайым қолдайды", - деді Мемлекет басшысы.

Белгілі опера әншісі Талғат Мұсабаевқа "Қазақстанның халық әртісі" атағы берілді.
Музей ісін дамытумен және тарихи-мәдени мұраны сақтаумен айналысатын өлкетанушы Бауыржан Жәнібековке "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді.
Педагог әрі өнертанушы Эльмира Сұлтанғалиеваға "Құрмет" ордені табысталды.
Абаттандыру және ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне берілген наградаларПрезидент жұмысшы мамандықтары иелерін атап өтті.
"Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлы елорданы абаттандыруға қосқан үлесі үшін "Құрмет" орденімен марапатталды.
Оның жұмысы туралы айта келе, Тоқаев "Таза Қазақстан" жалпыұлттық қозғалысының маңыздылығына тоқталды.

"Көшелеріміз таза болмаса, әрбір жерде ағаш пен гүлдер көп егілмесе, азаматтарымыз табиғатқа қамқор болмаса, еліміз де жасампаз болмайды. Бұл – анық нәрсе".

"Астана-Орманы" мекемесінің қызметкері Аманжол Үйсенбаев "Ерен еңбегі үшін". медалімен марапатталды.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданынан келген, ауыл шаруашылығында 30 жылға жуық еңбек етіп жүрген механизатор Сергей Пустыльников ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды.
Медицина қызметкерлері мен педагогтер
Мейірбике Анар Әбдіқұловаға және ұлағатты ұстаз Сәлима Жұмамұратоваға "Шапағат" медалі табысталады.
Президент мұғалімдер мен медицина қызметкерлерін жан-жақты қолдау қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ бір топ азамат қоғамдық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін "Ел бірлігі" орденімен марапатталды.Қанша қазақстандық награда алды?
Президенттің айтуынша, мемлекеттік наградаларға түрлі сала өкілдері ие болды. Олардың қатарында:

129 еңбек ардагері;өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың 473 қызметкері;шағын және орта бизнес өкілдерінен 200-ден аса адам;150-ден астам педагог пен ғалым;120-ға жуық медицина қызметкері бар.


"Еліміздің абыройын асырып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсету – мемлекеттік саясатымыздың өзегіі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөз соңында Президент марапат иелерін және барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады.

"Мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры мәңгі болсын! Қастерлі Отанымыз – Қазақстан өсіп-өркендей берсін!"





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net