Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

“Мұғалімдерге арналған ипотека“ және “дәрігерлерге арналған баспана“: қазақстандықтарға схема туралы ескертілді

0

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мұғалімдер, медицина қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер сияқты нақты санаттағы азаматтарға арналған ипотека туралы жалған хабарландырулар туралы ескертеді. Тартымды тақырыптар белгілі бір кәсіп иелеріне ғана ұсынылатын ерекше жеңілдіктер мен қолжетімді баспананы уәде етеді, деп хабарлайды Tengri Home.
Орталық мәліметінше, сыртынан қарағанда, әр мамандық бойынша арнайы мемлекеттік бағдарламалар пайда болғандай әсер қалдыруы мүмкін. Алайда мұндай жазбалардың артында көбіне жаңа тұрғын үй бастамасы емес, ипотекалық несие рәсімдеуге кеңес беретін компаниялардың кезекті маркетингтік тәсілі жатады.

Схема қалай жұмыс істейді?
Компаниялар әлеуметтік топтардың сұранысын зерттеп, әр салаға арнайы жарнамалық жазбалар дайындайды. Мәселен, мұғалімдерге "Педагогтерге арналған ипотека", дәрігерлерге "Дәрігерлерге арналған баспана", ал мемлекеттік қызметшілерге "Мемлекеттік қызметшілерге арналған арнайы бағдарлама" деген тақырыптар қойылады.

"Мұндай тәсіл ықтимал клиенттердің назарын аударуға көмектеседі. Азаматтар жарнама тақырыбынан өзінің мамандығын көргенде, бұл бағдарлама арнайы өзі үшін әзірленген деп қабылдауы мүмкін", - делінген орталық хабарламасында.

Іс жүзінде әртүрлі мамандық өкілдеріне сәйкес келетін стандартты ипотекалық бағдарламалар туралы айтылып отыр. Жазбадағы мамандықтар бойынша бөлу жеке мемлекеттік бағдарламаның барын білдірмейді, бұл ең алдымен коммерциялық қызметтерді насихаттау үшін қолданылады.
Бұл неге адастыруы мүмкін?
Баспана сатып алу көптеген қазақстандық отбасы үшін өте өзекті мәселе. Сол себепті азаматтар жаңа бағдарламаларды мұқият қадағалап, тиімді шартпен ипотека алу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысады.

"Кликбейттік тақырыптар оқырманда жаңсақ үміт қалыптастырады. Салдарынан азаматтар іс жүзінде жоқ бағдарламаларды іздеп уақыт жоғалтады, әрі "делдалсыз бұл мүмкіндікті пайдалану мүмкін емес" деген қате оймен ақылы кеңестерге жүгінуге мәжбүр болады", - деп атап өтті орталық өкілдері.

Осылайша, ипотекалық несиелеуге қатысты әрбір жарнамалық тақырып жаңа мемлекеттік бастаманың іске қосылғанын дәлелдемейді. Жекелеген жағдайларда ұсыныстарды кәсіби белгілері бойынша санаттау - мақсатты аудиторияны тартуға және коммерциялық қызметтерді жылжытуға бағытталған маркетингтік тәсіл.

"Егер жарнамалық жарияланымда ресми шарттарға сілтеме жасалмаса, ақпарат төлем жасағаннан кейін берілсе немесе несиеге мақұлдау кепілдендірілсе, онда ақпараттың шынайылығын қосымша тексерген дұрыс", - деп ескертті орталық.

Осыған байланысты, орталық қазақстандықтарды ипотекалық бағдарламалар туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге және қаржылық шешімдерді әлеуметтік желілердегі жазбаларға сүйеніп қабылдамауға шақырды.
Бұған дейін Қазақстанда ипотеканы қайта қаржыландыру мерзімі бір жылға ұзартылғаны туралы жазған едік. Кімдер өтінім бере алатынын мына жерден оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Өтінім жоғалып, кезек жойылса: сайт немесе қосымша істен шыққанда құқығыңызды қалай қорғауға болады?






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net