Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026

Алматыны құрылыс шаңы басты: әкімдік мердігерлерге не үшін айыппұл салынатынын айтты

0
Алматы тұрғындары қаладағы құрылыс жұмыстары кезіндегі заңбұзушылықтарға тағы да шағымданды. Олардың айтуынша, көшелерде тротуар плиткаларын кесу кезінде шаң көтеріліп, бұл құрылыс және экологиялық талаптардың сақталуына қатысты сұрақтар туғызып отыр. Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, қалалық әкімдік бұл жағдайға қатысты жауап берді.
"Тыныс алу мүмкін емес"
Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде құрылысшының тротуар плиткасын кесіп жатқаны, салдарынан аспанға шаң көтерілген сәті түсірілген видеоны бөлісті.

"Неге су пайдаланбайсыздар? Назарбаев пен Абай қиылысында плитка кесуден орасан зор шаң пайда болды. Көлікте отырып тыныс алу мүмкін емес, ал жаяу жүргіншілер туралы айтпаса да болады", - деді видео авторы.




Threads-тен көру


Тағы бір видеоны қаланың басқа тұрғыны Абай - Қонаев қиылысында түсірген. Мұнда да ұқсас жағдай байқалған: тротуар плиткасын кесу кезінде қою шаң бұлты түзілген.
"Таңнан кешке дейін бәрі шаң. Қаланың орталығы", - деп жазды автор.
Мұндай жазбалардың астындағы пікірлерде қала тұрғындары мердігерлерді шаңды басу шараларын сақтауға және жұмыс барысында су пайдалануға шақырған.

"Плитка кесетін жылжымалы бокс ойлап тапса болар еді ғой".
"Болгаркаға 5 литрлік бөтелкеден су құю соншалықты қиын ба?"
"Неге мердігерлерді су пайдалануға міндеттемеске?"
"Бүкіл қалада осындай жағдай, Жандосов пен Жароков қиылысында жаз бойы кесті, міне, күздің жартысы өтті, әлі кесіп жатыр…"
"Өздері де маскасыз жұмыс істейді".

Ескерту жасалды
Қалалық қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде шаңды басу талаптарының сақталмауы, соның ішінде тасжол плиткасын (брусчатка) сусыз кесудің жекелеген жағдайлары анықталып жатқанын хабарлады.

"Аталған деректер бойынша мердігер ұйымға мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу туралы бірнеше рет ескерту жасалды.
Сонымен қатар экологиялық полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, оның нәтижесі бойынша кінәлі тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұлдар салынып жатыр. Айта кету керек, құрылыс процесін ұйымдастыру, жұмыс технологиясын сақтау, шаңды басу шараларын қамтамасыз ету және жұмысшылардың іс-әрекетін бақылау жіберілген заңбұзушылықтар үшін жауапты болатын мердігер ұйымның міндетіне жатады", - деп хабарлады басқарма.

Мердігер ұйымға белгіленген талаптардың сақталуына бақылауды күшейту, плитка кесу кезінде міндетті түрде су пайдалану және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу тапсырылғаны нақтыланды.
Редакция тілшілері Алматы қаласының Экология және қоршаған орта департаментіне құрылыс шаңының қала тұрғындарының денсаулығына қалай әсер ететінін және экологиялық талаптарды бұзған мердігерлерге қатысты қандай шаралар қолданылатынын түсіндіруді сұрап сауал жолдады.
Еске сала кетейік, бұл плитка кесу кезіндегі шаңға қатысты қала тұрғындарынан түскен алғашқы шағым емес. Бұған дейін адамдар ауаның құрылыс шаңымен ластануы салдарынан көбісінде аллергия белгілері пайда болғанын хабарлаған еді. Редакция жағдайды бақылауды жалғастырады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net