Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

WBC Нұрсұлтановқа қатысты жаңа шешім қабылдады: ол тағы да титулдық жекпе-жексіз қалды

0
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамеске қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановпен міндетті жекпе-жектен жалтаруға рұқсат берді, деп хабарлайды Tengri Sport.
WBC баспасөз қызметі ұйымның ресми мәлімдемесін жариялап, Адамеске титулды қорғаудан бұрын басқа салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуге рұқсат берді. 33 жастағы қазақстандық белбеуге міндетті үміткер мәртебесін сақтап қалды.

"Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) чемпион Адаместің өтінішін мақұлдады. WBC чемпион Адаместің міндеттемелерін 8-13 қараша аралығында Мексиканың Акапулько қаласында өтетін WBC-тің алдағы жыл сайынғы конференциясында қарастырады. WBC-тің орта салмағында чемпион мен уақытша чемпионның қатысуымен өтетін жекпе-жектердің кейінге шегерілуіне байланысты түрлі қиындықтар туындады", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар WBC егер Адамес жеңіліп қалса, титулынан айырылуы мүмкін екенін атап өтті.
"Карлос Адамеске 2026 жылғы 17 қарашада титулдық емес жекпе-жекке қатысуға рұқсат беріледі. Егер ол бұл жекпе-жекте жеңілсе, оның орта салмақтағы WBC әлем чемпионы атағы бос деп жарияланады.Жеңіске жеткен жағдайда чемпион Адамес келесі жекпе-жегін WBC титулына міндетті үміткер Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы өткізеді.Адамес пен Нұрсұлтанов жекпе-жегінің жеңімпазы кейін WBC нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы кіші Хесус Рамоспен кездеседі", - деп атап өтті ұйым өкілдері.
Нұрсұлтанов үш жыл бойы жұдырықтаспаған
Еске салайық, жеңілмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет рингке 2023 жылғы 17 қарашада шыққан болатын. Сол кезде Ташкентте (Өзбекстан) өткен турнирде ол төрешілердің шешімімен чилилік Хулио Аламосты жеңген еді.
Осыдан кейін қазақстандықтың АҚШ визасымен проблемалары басталып, соның кесірінен ол жаңа жекпе-жек өткізе алмады. Биыл құжат алынып, ол кіші Хесус Рамосқа қарсы уақытша белбеу үшін жекпе-жекке дайындалған болатын.
Алайда жекпе-жек күні Рамостың өкілдері боксшының тамақтан уланғанын хабарлап, кездесу өтпей қалды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

World Boxing Council (@wbcboxing) жарияланымы


Бұдан соң танымал журналист әрі инсайдер Дэн Рафаэль Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) титул иегері Карлос Адамес пен міндетті үміткер Мейірім Нұрсұлтанов арасындағы келесі жекпе-жекті белгілеп, бәсекелестік сауданы (торги) 20 қазанға тағайындағанын мәлімдеді.
Карлос Адамес деген кім?
Доминикандық әлем чемпионы қазақстандық бокс жанкүйерлеріне Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен қашқан оқиғасы арқылы таныс.
Ал 2025 жылдың шілде айының басында қазақстандық спортшы Карлос Адамеске қарсы жекпе-жекке келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеген болатын. WBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін айқас жоспарланған болатын. Алайда Адамес өз тарапынан келісімшартқа қол қоймай, кейін боксшылар арасында әлеуметтік желілерде сөз таласы басталды.
Биыл Адамес X желісінде басқа салмақ дәрежесіне ауысып кеткен Жәнібекті жекпе-жекке шақырған еді. Бұған қазақстандық спортшы кезекті рет мысқылмен жауап берсе, оның менеджері Берік Сұлтан Tengri Sport-қа берген сұхбатында Адаместің "хайп жасағысы келетінін" айтты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Zuffa Boxing (@zuffaboxing) жариялаған жазба


Жақында Адамес UFC басшысы Дана Уайт жетекшілік ететін Zuffa лигасымен келісімшартқа отырды. Дәл осы лигада қазақстандықтар Иван Дычко мен Данияр Елеусінов өнер көрсетеді.
“Әбден күлдім“ - Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионының жекпе-жекке шақыруы туралы
Айта кетейік, бұған дейін жүзуден Қазақстан құрамасының мүшесі Айбат Мырзамұратов спорттың бұл түрінің бокс пен күрестен айырмашылығы туралы айтып берді.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net