Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыдағы қиылыстарда оңға бұрылатын жолдар неге алынып жатыр: әкімдік түсіндірді

0

Алматыда жүргізушілерге бағдаршамның жасыл түсін күтпей-ақ оңға бұрылуға мүмкіндік беретін жекелеген оң жақ бұрылыс жолдары жабылып жатыр. Қалалық мобильділік басқармасы бұл өзгерістердің себебін және олардың қай қиылыстарда қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Осындай бұрылыстардың бірі Тимирязев пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында орналасқан. Оның жабылуы Тимирязев көшесін қайта жаңарту және веложоақ салу жұмыстарымен байланысты.
Ведомство өкілдері оңға бұрылуға толық тыйым салу жоспарланбағанын атап өтті. Жеке бұрылыс жолы алынғаннан кейін жүргізушілер Розыбакиев көшесімен оңтүстік бағытқа бұрыла алады, бірақ енді ол бағдаршам арқылы реттеледі.
Тимирязев – Розыбакиев қиылысындағы оң жақ бұрылыс неге алып тасталды?
Басқарма мәліметінше, шешім қабылдау кезінде жаяу жүргіншілер қозғалысының қарқындылығы, қиылыстың геометриясы және веложолақтың пайда болуы ескерілген.
Ведомствоның түсіндіруінше, реттелмейтін бұрылыс кезінде жаяу жүргіншілер бұрылып жатқан көліктердің жолын кесіп өтуге мәжбүр болатын. Ал жүргізушілерге өз кезегінде бір уақытта әрі жаяу жүргіншілерді, әрі өздері қосылатын көлік ағынын қадағалау қажет болды.

"Бұрылыс геометриясы бұл тұстан салыстырмалы түрде жоғары жылдамдықпен өтуге мүмкіндік беретін, ал оның болуы қиылыс алаңын үлкейтіп, жаяу жүргіншілер өткелінің қашықтығын ұзартатын. Веложолақтың пайда болуымен бұл жерде велосипедшілермен қиылысу нүктесі қосылады. Осы факторлардың жиынтығы реттелмейтін қауіпті нүктені жою қажеттілігін тудырды", - деп түсіндірді басқармадағылар.

Тағы қай жерлерде бұрылыстар алып тасталады?
Сәтбаев көшесін қайта жаңарту аясында Сейфуллин көшесі және Назарбаев даңғылымен қиылыстардағы жекелеген оң жақ бұрылыс жолдарын жабу қарастырылған.
Сәтбаев – Назарбаев қиылысындағы өзгерістер, сонымен қатар, веложолақ мен велосипед өткелін салумен байланысты.
Басқарманың түсіндіруінше, бұрынғы конфигурация бойынша жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер көлік ағындары арасындағы шағын аралшықтарда күтуге мәжбүр болатын. Сондықтан қиылысты жинақы етіп, ал қозғалысты толықтай реттелетін ету жоспарланған.
Сәтбаев – Сейфуллин қиылысында жаяу жүргіншілер жолдың 40 метрге жуық бөлігін кесіп өтуге мәжбүр. Бұрылыстың жабылуы қиылыс алаңын және өту қашықтығын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол жерде қауіпсіздік аралшықтары қарастырылған.
Бұл ретте Тимирязев көшесінің Гагарин және Жароков көшелерімен қиылысындағы оң жақ бұрылыстар сақталады.

"Оларды жабу троллейбус қозғалысының байланыс-кабельдік желісі мен сыртқы жарықтандыру желісін қайта құруды талап етер еді. Аталған қосымша жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне байланысты, ағымдағы қайта жаңарту аясында бұл бұрылыстарды демонтаждау қарастырылмаған", - деп хабарлады ведомство.

Ведомство оң жақ бұрылыстарды жаппай жабу туралы сөз болып отырмағанын баса айтты. Әрбір қиылыс оның геометриясы, көріну жағдайлары, көлік және жаяу жүргіншілер ағыны, сондай-ақ велосипед инфрақұрылымы ескеріле отырып, жеке қарастырылады.
Өзгерістер қозғалысқа қалай әсер етеді?
Ведомство өзгерістердің басты міндеті - жол-көлік оқиғаларының қаупін және олардың салдарын, ең алдымен жаяу жүргіншілер, велосипедшілер және жеке мобильділік құралдарын пайдаланушылар үшін азайту екенін атап өтті.

"Басты мақсат - жол-көлік оқиғаларының қаупін және олардың ауыр зардаптарын, бірінші кезекте жаяу жүргіншілер, велосипедшілер мен жеке мобильділік құралдарын пайдаланушылар үшін төмендету. Бұл тәсіл Vision Zero қағидасына сәйкес келеді: жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде адам өмірін сақтау және ауыр жарақаттардың алдын алу басты басымдық болады", - деп мәлімдеді басқармадағылар.

Басқарма қиылыстардың конфигурациясы өзгергеннен кейін, нақты көлік жүктемесі мен жаяу жүргіншілер қозғалысының қарқындылығын ескере отырып, бағдаршамдардың жұмыс режиміне түзетулер енгізілетінін хабарлады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін мамандар көлік жағдайын бақылайтын болады. Қажет болған жағдайда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және артық күту уақытын қысқарту үшін бағдаршам режимдері реттеледі.
Тағы оқыңыз: Саинда SkyTrain қоршаулары пайда болды: Алматы әкімдігі не дейді?






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net