Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Канело қазақстандық спортшы қатысатын турнир қарсаңында Эр-Риядтағы жарылысқа пікір білдірді

0
Сауд Арабиялық инвестор және Riyadh Season басшысы Турки Аль аш-Шейх мексикалық бокс жұлдызы Сауль "Канело" Альварестің 10-нан аса адам зардап шеккен жарылыстарға қарамастан, Сауд Арабиясында жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport әлеуметтік желілерге сілтеме жасап.
Бірнеше жылдан бері әлемдік боксқа инвестиция салып жүрген атақты шейх жанкүйерлерді Канело кейінгі күндері елді дүр сілкіндірген жарылыстардан қорықпайтынын айтты.

"Канело маған хабарласып, не болса да осы жылдың қазанында Эр-Риядта рингке шығатынын айтты. Ол ештеңеден қорықпайды. Менің елім - екі қасиетті мешіттің отаны, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің, бай өркениет пен терең тарихтың, сондай-ақ ақкөңіл жандардың мекені", - деді ол X-те.

Канело 31 қазанда Эр-Риядта Кристиан Мбиллиге қарсы WBC нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
Осы турнирде қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет те өнер көрсетуі тиіс. Оның қарсыласы мексикалық Маркос Рамон Васкес Родригес болады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Nurmaganbet Bek (@nurmaganbet.bek.kazbekuli) жарияланымы


Турки Аль аш-Шейх деген кім?
Еске сала кетейік, Турки Аль аш-Шейх 2018 жылғы 27 желтоқсаннан бастап Сауд Арабиясы корольдік кеңсесінің министр деңгейіндегі кеңесшісі және Сауд Арабиясының ойын-сауық істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы болып тағайындалған.
2024 жылы ол Эр-Риядта Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы жекпе-жектің ұйымдастырушысы болды, сондай-ақ бокс әлеміндегі ең беделді басылым - The Ring-ті сатып алып, бұл спорт түріндегі ықпалды тұлғаға айналды.
Қыркүйекте Турки Аль аш-Шейх денсаулығының нашарлауына байланысты бокстан кететінін күтпеген жерден жариялады. Жақында ол The Ring басылымын сатып жіберуді жоспарлап отыр және жекпе-жектерді қаржыландыруды тоқтататын көрінеді. Соған қарамастан, Канело - Мбилли бокс кеші оның басшылығымен өтпек.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Al Arabiya English (@alarabiya_eng) жариялаған жазба


Сауд Арабиясында не болды?
Көптеген бокс жанкүйері ел астанасы әуежайындағы жарылыстан кейін Эр-Риядтағы бокс кеші өтпей қалуы мүмкін деп қауіптенді. Бастапқыда БАҚ кем дегенде 12 адам қаза тауып, 300-ден аса адам зардап шеккенін хабарлаған болатын.
Сауд Арабиясының Азаматтық авиация бас басқармасы Эр-Риядтың халықаралық әуежайына жасалған зымырандық шабуыл кезінде 12 адамның қаза тапқанын және 309 адам жараланғанын растады.
Кейін әлеуметтік желілерде жарылыс сәті түсірілген кадрлар пайда болды, оқиға салдарынан 1 адам көз жұмған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Al Arabiya English (@alarabiya_eng) жариялаған жазба


Жеңілмеген қазақстандық боксшы Канело турнирінде жекпе-жек өткізеді





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net