Шымкентте Қайрат Нұртастың даулы концертін ұйымдастырушы ұсталды
Алдын ала мәліметтер бойынша, сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқсат етілген сыйымдылығынан айтарлықтай асып кеткен. Бұл халықтың жаппай жиналуына әкеп соғып, көрерменнің қауіпсіздігіне қатер төндірді.
Кептеліс салдарынан 18 жастағы бойжеткен жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан адам өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаза болғандар жоқ.
Концертті ұйымдастырушы 1984 жылы туған Л. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Полиция азаматтарды тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Шымкент қаласы полиция департаментінің жарияланымы (@police_shymkent)
Еске сала кетейік, сенбіде, 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда танымал орындаушы Қайрат Нұртастың концертіне кіреберісте жұрт тапталып қалған. Оқиға орнынан түсірілген видео тарағаны әлеуметтік желілерде тарады. Бір 18 жастағы бойжеткен жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
