Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Каспий теңізінде қаза тапқан әскерилердің отбасыларына берілетін төлем мөлшері жария етілмейді

0
Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қанша қаражат төленетіні, сондай-ақ, көмек алушылардың жеке деректері жарияланбайды. Мұндай шешім әскерилердің туған-туыстарының өтініші бойынша және олардың жеке мәліметтерінің құпия болуын сақтау мақсатында қабылданған. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Әскери қызметшілердің жақындарының өтінішін ескере отырып, сондай-ақ, олардың қауіпсіздігі мен жеке мәліметтерінің құпиялығын сақтау үшін төленетін қаражаттың нақты мөлшері мен оны алушылардың деректері жарияланбайды. Қаза тапқан және зардап шеккен әскерилердің туған-туыстары қабылдаған бұл шешімге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Комиссия өз жұмысын аяқтады. Жиналған қаражат белгіленген тәртіппен бөлініп, қабылданған шешімдер тиіс құжаттармен рәсімделді. Сенім білдіріп, түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын", – деді Бекмұрат Жүсіпов өз үндеуінде.

Қоғамдық кеңес төрағасының айтуынша, қорға түскен қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына әділ әрі теңдей бөлінген.

"Комиссия қаражаттың қор есепшотына түскен сәтінен бастап оны алушыларға аударылғанға дейінгі барлық кезеңді қатаң бақылауда ұстады", – деп атап өтті ол.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Маңғыстау облысы әкімдігінің жарияланымы (@mangystau_oblysynyn_akimdigi)


Еске салайық, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде болған. Әскери қызметшілер "Қайсар" катерінен теңізге түскен сәтте 17 адам су ағып кеткен. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.
Қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша оқу-жаттығуға дайындық пен оны жоспарлауда, қауіп-қатерді бағалауда, әскерилерді теңізге түсіруді ұйымдастыруда және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елеулі кемшіліктер анықталғаны хабарланды. Тексерудің алғашқы кезеңінде 13 қылмыстық іс қозғалып, бес лауазымды тұлға қамауға алынды.
3 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Ниязбековті Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатты. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің тағы екі басшысы қызметінен шеттетілді.
Қазір соталды тергеу жалғасып жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін іске қатысы бар барлық адамның әрекетіне түпкілікті құқықтық баға беріледі.
Бұған дейін Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көмек көрсету үшін 815 миллион теңге жинағаны хабарланған.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net