“Барыс“ қорғаушысы ассистерден хет-трик жасап, ҚХЛ-дің үздік ойыншысы атанды
Лиганың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде рейтинг "плюс/минус", шайбаны тартып алудың орташа көрсеткіші, күштік әдістер және бір ойындағы блокталған соққылар сияқты көптеген статистикалық көрсеткіш негізінде есептелетіні нақтыланған.
Айта кетейік, рейтингте "Барыстың" тағы бір ойыншысы - қорғаушы Джейк Масси бар.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
КХЛ-дың (@khl) жарияланымы
Логан Дэй туралы не белгілі?
Америкалық ойыншы "Барысқа" жаңа маусым басталар алдында қосылғанын айта кетейік. Кейінгі екі жылын ол Челябинскінің "Тракторында" өткізді. Оған дейін АҚШ-та AHL-дің түрлі командаларында өнер көрсеткен.
Бұл ретте, ол өзінің алғашқы маусымында 42 кездесуде 18 ұпай жинаса, өткен маусымда 71 ойында небәрі 16 ұпай еншілеген.
"Барыс" сапында Логан ойынын жақсартып, 12 матчтің өзінде 9 нәтижелі ұпай жинап үлгерді.
Дэйдің "Спартакқа" қарсы соңғы матчі ерекше әсерлі болды. Ол команда соққан үш шайбаға да қатысты, ал "Барыс" ойын соңында есепті теңестіріп, буллит сериясында жеңісті жұлып алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
«Барыс» хоккей клубының жарияланымы (@barys_official)
"Барыс" жаңа маусымда таңғалдырып жатыр
Тұрақты чемпионаттың 12 матчінен кейін "Барыс" Шығыс конференциясында 5-орында тұр және Чернышев дивизионында көш бастап келеді. Команда қоржынында 7 жеңіс бар, ал қазақстандық клубтың ойыншылары көптеген көрсеткіш бойынша лиганың үздіктер қатарына енді.
Келесі матчте, 10 қазанда "Барыс" өз айдынында Омбының "Авангардын" қабылдайды.
“ҰХЛ-ға алады“: Қазақстан құрамасының қақпашысы жанкүйерлерді таңғалдырды
