Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қорғаныс министрлігі басшылығындағы алғашқы әйел. Татьяна Савельева туралы не белгілі?

0

Қазақстанда Қорғаныс министрлігі құрамындағы ротация жалғасып жатыр. Бүгін Құрылтайдың экс-депутаты Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болды. Ол Қорғаныс министрлігі басшылығындағы алғашқы әйел. Ол туралы не белгілі және қандай бастамалар көтерді – Tengrinews.kz материалында.
Татьяна Савельева несімен танымал?
Татьяна Савельева 50 жаста. Мамандығы бойынша – экономист. Оның еңбек жолы негізінен қаржы саласымен байланысты. 1999 жылдан бастап Астананың қаржы басқармасында, ал 2002 жылдан бастап Қаржы министрлігінде жұмыс істеп, бас маманнан бюджеттік жоспарлау департаментінің директорына дейінгі жолдан өтті. 2016 жылдан бастап Татьяна Савельева қаржы вице-министрі қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап VIII сайланған Мәжіліс депутаты, 2024 жылғы ақпаннан бастап Парламент төменгі палатасы Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы және төрағасы. Оның кәсіби тәжірибесі туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Қоғамдық кеңістікте Татьяна Савельеваның қаржылық аудитор ретіндегі беделі қалыптасқан. Мысалы, Парламентте жұмыс істеген кезде ол үкіметтік қарыз тақырыбын көтерді. Сол кезде Қаржы министрлігі жағдай бақылауда деп есеп берген болатын.
Татьяна Савельева Қазақстанның мемлекеттік қарызы кейінгі 10 жылда қауіпті деңгейге дейін, яғни 2,5 есеге артқаны туралы айтқан еді. Оның сөзінше, елде барлық борыштық міндеттеме бойынша жиынтық теңгерім болмаған, ал шенеуніктер валюталық ауытқулар мен қаражаттың қайтарылу тәуекелдеріне талдау жасамаған. Ол мемлекеттік қарыздарды басқаруға түбегейлі жаңа тәсіл қажет екенін атап өткен болатын.
Савельева көтерген тағы бір мәселе – "Проблемалық кредиттер қоры" (ПКҚ) АҚ жұмысы болды. Ол 2012 жылы банктердің проблемалық активтерін сатып алуға арналған дағдарысқа қарсы механизм ретінде құрылған еді. Сол кезде Татьяна Савельева оны таратуды ұсынып, мына мәселелерді атап көрсетті:

Алынған табыстарды бірден Ұлттық қорға және республикалық бюджетке аударудың орнына, ПКҚ оларды өз шоттарында жинақтап отырған.
Депутат қордың "сұрақ туғызатын" шығындары мен тиімділіктің ашық көрсеткіштері жоқтығын мәлімдеді.

Сол кезде Савельева трансформациялау бойынша нақты "жол картасын" бекітуді немесе активтерді бәсекелес ортаға беру үшін қорды таратуды ұсынды. Сондай-ақ ол басқа да ұсыныстар білдірді:

ПКҚ-ны табыстарды Ұлттық қор мен бюджетке дереу аударуға міндеттеу;
қор мен Қаржы министрлігінің басшылығы үшін KPI енгізу;
қызметкерлер саны мен әкімшілік шығындарға аудит жүргізу;
қор үшін салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды қайта қарау.

Татьяна Савельева – Қорғаныс министрінің орынбасары болған алғашқы әйел. Жаңа қызметінде ол кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, әскери саладағы қаржылық мәселелерді, соның ішінде министрлікке бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалайды.
Қорғаныс министрлігінің бюджеті тексеріліп жатыр
Айта кетейік, Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің бюджеттік шығындарын тексеруді тапсырды. Тексеріс бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін" анықтау мақсатында жүргізіліп жатыр.
Алғашқы нәтижелер де бар. Тексерістің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдары мемлекет мүлкін талан-таражға салу, қызметін асыра пайдалану фактілеріне, сондай-ақ Қорғаныс министрлігіне қарасты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелер қызметіндегі басқа да заң бұзушылықтарға қатысты 13 қылмыстық іс қозғады.
Каспийдегі қайғылы оқиға: неге Қорғаныс министрлігі ішінара "қайта жасақталып жатыр"?
24 қыркүйекте Каспийдегі қайғылы оқиға 14 әскери қызметшінің өмірін қиды. Ашық теңізде оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде 17 әскери қызметші болған. Үшеуі аман қалды.
Қайғылы оқиғадан үш күн өткен соң қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылды. Оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.
Кейін, 3 қазанда Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш басшыны қызметінен босатты:

министрдің бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіров;
министрдің орынбасары Алмаз Джумакеев;
Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков.

5 қазанда қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып Айтқұрман Омарбеков тағайындалды.
7 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің тағы бір орынбасары – Әскер Бейсеновті қызметінен босатты. Бұл лауазымға Татьяна Савельева тағайындалды. Әскери-теңіз күштері басшысының лауазымы әзірге бос тұр.
Айта кетейік, Каспийдегі жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқаннан кейін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ ұсталғандар арасында Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлім командирі, теңіз жаяу әскері ротасының командирі және катер командирі бар. Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтаудағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net