Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

2026 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығы “айналы“ молекулалар құпиясын ашқандарға берілді

0

2026 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығы француз ғалымы Анри Б. Каган мен жапон химигі Кэнсо Соаиге берілді. Олардың зерттеулері химиялық реакциялар кезінде молекулалардың екі айналы формасының бірі қалай басымдыққа ие болатынын түсіндіруге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Нобель комитетіне сілтеме жасап.

Жұмбақ неде болды?

Кейбір молекулалар оң және сол қол сияқты бір-біріне ұқсас екі түрлі формада болады. Оларды айналы формалар деп атайды.

Қарапайым химиялық реакция кезінде, әдетте, екі форма да түзіледі. Бірақ тірі ағзаларда бәрі басқаша. Мысалы, ақуыздарда аминқышқылдарының екі айналы формасы болғанына қарамастан, оның тек бір түрі ғана қолданылады.

Ғалымдар бұндай ерекшеліктің қалай пайда болғанын 100 жылдан аса уақыт бойы түсінуге тырысты.

Не анықталды?

1986 жылы Анри Каган химиялық реакцияларда молекуланың бір айналы формасын көбірек алудың жолын тапты.

Кэнсо Соаи бұл зерттеулерді жалғастырды. 1995 жылы ол тек бір ғана форманың пайда болуына әкелетін реакцияны сипаттап берді. 2003 жылы ол мұны іс жүзінде жүзеге асырды.

Ғалымдар химиялық реакцияның бір жақты "таңдап" алып, әрі қарай оның түзілуін күшейте алатынын көрсетті.

Бұл медицина үшін неге маңызды?

Бір молекуланың екі айналы формасы ағзаға әртүрлі әсер етуі мүмкін. Сондықтан дәрі-дәрмек жасау кезінде заттың дәл қажетті формасын алу өте маңызды. Каган мен Соаидің ашқан жаңалықтары химиктерге бұл процесті тереңірек түсінуге және дәрілік препараттарды өндіруге арналған реакцияларды жасауға көмектесті.

Анри Каган 1930 жылы Францияда, ал Кэнсо Соаи 1950 жылы Жапонияда дүниеге келген. Биыл 12 миллион швед кронасы (шамамен 548 миллион теңге) болатын Нобель сыйлығын лауреаттар тең бөліп алады.

2025 жылы химия бойынша Нобель сыйлығын кім алды?

2025 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығы Сусуму Китагава (Жапония), Ричард Робсон (Австралия) және Омар Яги (АҚШ) есімді ғалымдарға берілді. Ғалымдар молекулалық құрылымдардың жаңа түрі - түрлі заттарды ұстап қалуға, сақтауға және тіпті түрлендіруге қабілетті металл-органикалық қаңқаларды (MOF) жасап шығарды.

Бұл материалдар - газдар мен басқа да химиялық қосындылар өте алатын көптеген микроскопиялық қуыстары бар кристалдар. MOF өзінің ерекше құрылымының арқасында шөл даладағы ауадан су алу, көмірқышқыл газын ұстап қалу, улы газдарды сақтау немесе химиялық реакцияларды жеделдету (катализ) үшін қолданыла алады.

Еске салайық, бұған дейін физика, физиология және медицина саласындағы 2026 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланған болатын.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net