Көліктер суға батып, шұңқырға түсіп кеткен: алматылықтар жаңбырдың салдарын көрсетті
Tengri Auto редакциясы Алматы тұрғындарының әлеуметтік желілерде жариялаған жазбаларын жинақтады.
Асфальт опырылған
Алматы аудандарының бірінде жаңбырдан кейін жаңадан төселген асфальттың бір бөлігі ойылып кетті. Жарияланған кадрлардан жолдың жүріс бөлігі опырылғанын көруге болады.
Threads-тен көру
Осыған ұқсас жағдай Нұрлытау шағынауданында да тіркелді, кадрда асфальт шөгіп, автокөлік тұрып қалғаны көрінеді.
Көлік астындағы асфальт опырылған. Threads-тен скриншотТағы бір автокөлік жолды су шайып кеткеннен кейін тұзаққа түскен, жазба авторы нақты мекенжайын көрсетпеген.
Көлік тұрып қалған. Threads-тен скриншот
Сонымен қатар желіде жол талғамайтын көліктің оң жақ бөлігі шұңқырға түсіп кеткен кадрлары пайда болды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Георгийдің жарияланымдары • Автоблог ???? (@georgiy__kz)
Мамыр шағынауданында да жаңадан төселген асфальт опырылған. Кадрлардан жаңадан жайылған асфальттың төмен түсіп кеткенін көруге болады.
Асфальт опырылған. Threads-тен скриншот
Жолды су шайып кеткен
Тағы бір жарияланымда жергілікті тұрғын жаңбырдан кейін су шайып кеткен жол учаскесін көрсетті. Видеода жолдың жүріс бөлігіндегі су мен батпақ байқалады.
Threads-тен көру
Кадрлар Алатау ауданы, Әйгерім-2 шағынауданы, Шыңғыстау көшесінде түсірілген.
Threads-тен көру
Жеке секторлардың бірінде жаңа тұрғын үй кешеніне канализация жүргізу үшін қазылған жерде ор пайда болған.
Tengri Auto редакциясы қалпына келтіру жұмыстары туралы білу және қала бойынша жол жағдайына кімдер жауапқа тартылатынын анықтау үшін Алматы әкімдігіне ресми сауал жолдады.
Еске салайық, кеше жол жабынының сапасына байланысты қалада кептелістер пайда болды. Толығырақ - мына материалда.
