Қар жауады: “ҚазАвтоЖол“ алты облыстың жүргізушілеріне үндеу жасады
6 қазанда Қазақстанның алты облысында жаңбыр соңы қарға ұласады деп күтіледі. Республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды, деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Жауын-шашын қай жерлерде күтіледі?
Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарының жолдарында күрделі ауа райы жағдайлары болжанады.
Жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, жолда барынша сақ болу және сапарды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеру ұсынылады.
Республикалық автожолдардағы жағдай туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 кол-орталығынан алуға болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 6 қазанда Қазақстан өңірлерінде ауа райы нашарлай беретінін хабарлаған болатын. Сейсенбіге ауа райының бұзылуына байланысты Астана, Шымкент қалалары мен облыстарда дауылдық ескерту жарияланды. Үсік жүріп, көктайғақ, тұман болады және екпіні секундына 28 метрге жететін қатты жел соғады деп күтіледі.
