Қар, боран және көктайғақ. “Қазгидромет“ өңірлерде ескерту жариялады
Қазақстан өңірлерінде ауа райы нашарлай түспек. Синоптиктер сейсенбі, 6 қазанға Астана, Шымкент және бірқатар облыста ескерту жариялады. Болжамға сәйкес, үсік жүріп, көктайғақ пен тұман болады, сондай-ақ екпіні секундына 28 метрге жететін жел соғады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атап айтқанда, елордада кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге, түнде және таңертең кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысында да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, түнде солтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын күтіледі. Батыста, солтүстікте және шығыста жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Батыс пен солтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні түнде секундына 15-20, солтүстік пен шығыста кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. Күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте желдің екпіні 15-20, солтүстік пен шығыста кей жерлерде 23-28 метр болады. Көкшетауда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні түнде солтүстікте секундына 15-18 метрге жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, батыста, оңтүстікте және орталықта төтенше өрт қаупі бар.
Түнде Алматы облысының шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел бағытын солтүстік-шығысқа ауыстырады, шығыста және таулы аудандарда желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Түнде солтүстікте 1 градус үсік жүреді. Шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және шығыста тұман түсуі мүмкін. Оңтүстікте және орталықта жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20, күндіз кей уақытта 23 метрге дейін жетеді.
Түнде Жамбыл облысының шығысы мен таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Таулы аудандарда тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде таулы аудандарда, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде таулы аудандарда 2 градус үсік жүреді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні батыста, солтүстікте және шығыста секундына 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. Қарағандыда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, күндіз кей жерлерде 25 метрге дейін барады.
Қостанай облысында қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстікте, шығыста және оңтүстікте секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанайда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады.
Қостанайда алғашқы қар жауды
Күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз батыста, солтүстікте және орталықта секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде солтүстікте 2 градус үсік болжанады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал солтүстік пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын, түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Түнде және таңертең орталықта және таулы аудандарда тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні шығыста және таулы аудандарда секундына 15-20, Алакөл ауданында 23-28 метрге жетеді. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Абай облысының оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста тұман түсуі мүмкін. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, күндіз кей жерлерде 23 метрге дейін жетеді.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні батыста, солтүстікте және шығыста секундына 15-20, кей уақытта 23 метрге жетеді. Батыста, оңтүстікте және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді.
Түнде Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Күндіз де жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, ал солтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 метрге жетеді. Павлодарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Петропавлда - жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы таулы аудандарда секундсына 15-20 метрге жетеді. Түнде таулы аудандарда 1 градус үсік жүруі мүмкін. Солтүстікте төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 6, 7 және 8 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Хабарламаға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады деп болжанады. Бұл ретте кейбір өңірлерде температура көтеріліп, кей жерлерде күндіз +22 градусқа дейін жетеді.
Астана мұз айдынына айналса, Алматыда күн +21 градусқа дейін жылынады: үш күнге болжам
