Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Банктер өз бетінше шешеді“: қазақстандықтардың валюталық депозиттері не болады?

0

Ай аяғына дейін банктердің пайыздық мөлшерлемесі жоғарылатылған валюталық депозиттер бойынша жаңа ұсыныстары пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Банктер жаңа мөлшерлемелерді қашан ұсынады?
Ұлттық банк төрағасы орынбасарының айтуынша, барлық банктің мөлшерлемелерді көтеруге мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта олар өз ұсыныстарының шарттарын пысықтап жатыр.

"Барлық банкте мүмкіндік пайда болды. Олар қазір жағдайды бағамдап жатыр деп ойлаймын. Айдың аяғына дейін банк секторында қандай да бір ұсыныстарды көріп қалармыз. Мен қазір нақты бір банкті жарнамалағым келмейді", - деді Баймағамбетов.

Бұл ретте нақты шарттарды банктердің өздері айқындайды. Сөз, соның ішінде, салымның ең төменгі сомасы мен төмендетілмейтін қалдыққа (депозитте сақталуы тиіс сома) қатысты ықтимал талаптар туралы болып отыр.

"Тағы бір мәселе - қандай шарттар, қандай сомадан бастап және барлық депозитке қатысты бола ма? Немесе анағұрлым жоғары төмендетілмейтін қалдықтар талап етіле ме деген сияқты сұрақтар бар. Мұны банктер қазір өз бетінше шешеді", - деп түсіндірді ол.

Баймағамбетов жоғары мөлшерлеме белгілеу мүмкіндігі тек мерзімі 12 айдан асатын жинақ түріндегі валюталық депозиттерге ғана қатысты екенін еске салды.

"Қазір банктер шешім қабылдап жатыр деп ойлаймын. Мүмкін, біреулері мұндай ұсынысты жасап та үлгерген болар", - деп толықтырды Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Шарттарды өзгерту туралы шешім не себепті қабылданды?
Ұлттық банк бұл шешім депозит мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен либерализациялаудың бір бөлігі екенін түсіндірді. Бұл процесс 2024 жылы теңгелік салымдар бойынша шекті мөлшерлемелерді жоюдан басталған болатын.
Валюталық депозиттер бойынша шарттарды жеңілдетуге түрткі болған факторлардың бірі - долларлану деңгейінің, яғни шетел валютасындағы салымдар үлесінің төмендеуі. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 2024 жыл бойы бұл көрсеткіш төмендеуін жалғастырып, тарихи минимумға - шамамен 19 пайызға жетті.
Ұлттық банк шекті мөлшерлеменің 2,5 пайызға дейін көтерілуі нарыққа айтарлықтай әсер етеді деп күтпейді. Реттеуші өкілдерінің бағалауынша, теңгелік депозиттердің артықшылығы әлі де жоғары. Сонымен қатар, жаңа шарттар банктерге валюталық тәуекелдерді тиімдірек басқаруға белгілі бір дәрежеде мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде Ұлттық банк нарықтағы жағдайды бақылап отырмақ.
Бұған дейін 1 қазаннан бастап валюталық депозиттер бойынша шарттардың өзгергені туралы хабарлаған болатынбыз. Мерзімі 12 айдан асатын жинақ түріндегі валюталық салымдар бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлеме жылдық 1 пайыздан 2,5 пайызға дейін өсті. Нақты табыстылықты әр банк өз бетінше белгілейді. Жаңа шарттар өзгерістер күшіне енгеннен кейін ашылған немесе ұзартылған салымдарға қолданылады.
Кез келген мерзімге арналған мерзімді және мерзімсіз валюталық салымдар, сондай-ақ 12 айға дейінгі (12 айды қоса алғанда) жинақ депозиттері бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлеме 1 пайыз деңгейінде қалды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының валюталық салымдар бойынша кепілдік мөлшері де өзгерген жоқ - есептелген сыйақыны есепке алғанда 5 миллион теңгеге дейін.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net