Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Тұрғын үй кешені салына ма“? Егізбаев көшесіндегі бос жатқан жер алматылықтардың назарын аударды

0

Бостандық ауданының тұрғындары Егізбаев көшесіндегі үйлердің маңында жүріп жатқан жұмыстарға алаңдаушылық білдірді. Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктен ол жерде не салынып жатқанын анықтады.
Оқырмандар үндеуі
Егізбаев көшесінің бір бөлігінде қарқынды жұмыс басталды.
"Бос жатқан жерді тазалап тастады. Оған дейін ұзақ уақыт қоршау тұрған еді. Қасында жол салынып жатыр. Ал мұнда не болады? Бизнес-орталыққа арналған аумақ па? Әлде тұрғын үй кешені салына ма?" - деп сұрады олар редакциядан.
Біз жағдайға қатысты пікір алу үшін әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарластық.
Егізбаев көшесінде не болып жатыр?
Кейінгі бірнеше айда бұл учаске тұрғындар назарына бірнеше рет ілікті.

Жазда бұл маңда ағаштар кесіле бастады. Әкімдік мұны тағы жол құрылысымен түсіндіріп, аумақты абаттандыруға және өтеміне ағаш отырғызуға уәде берді.Қыркүйекте құрылыс қарқыны артты: шұңқыр қазылып, коммуникацияларды көшіру және жолдың негізін дайындау жұмыстары басталды. Сол кезде әкімдік жұмыс қазанда аяқталатынын айтқан.

Енді тұрғындар үйлердің маңында тазаланған тағы бір үлкен алаңды байқаған.
Суреттерден аумаққа қиыршық тас төселгенін, периметрі бойынша бордюр орнатылғанын көруге болады. Қала тұрғындары жұмыс ауқымына қарап, бұл жерде жаңа тұрғын үй кешені пайда болуы мүмкін деп болжады.
Фото Tengrinews.kz
Фото Tengrinews.kz
Tengrinews.kz бұл учаскеде нақты не салынып жатқанын білу үшін әкімдікке қайта жүгінді.
Бұл жерде не болады?
Мәселе үш жобаға қатысты екені белгілі болды:

мектепке баратын жол,100 көлікке арналған тұрақ,жаяу жүргіншілер аймағы.

Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы Егізбаев көшесі, 9 мекенжайындағы мектепке баратын жол салынып жатқанын түсіндірді. Ол Егізбаев пен Жандосов көшелерін қосуы тиіс. Оның маңында 100 көлікке арналған тұрақ пайда болады.

"Бұл білім беру нысанына көлік қолжетімділігін қамтамасыз етуге, шағынаудан ішіндегі қозғалысты ұйымдастыруды жақсартуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ведомство.

Фото Tengrinews.kzӘкімдік бұған дейін құрылысқа қажет жер учаскелерін сатып алған. Олардағы нысандар бұзылды. Қазір жұмысшылар инженерлік коммуникацияларды көшіріп, арық салып, жол негізін дайындап жатыр.

"Ені 3,5 метр болатын жол мен тротуар төселіп қойды. Екінші жолақ пен қарама-қарсы беттегі тротуарды салу жұмыстары жалғасып жатыр", – деп нақтылады басқарма.

Осылайша, тұрғындар болжаған тұрғын үй кешені орнына бұл учаскеде 100 көлікке арналған тұрақ болады.
Фото Tengrinews.kz
Жаяу жүргіншілер аймағы жасалады
Бостандық ауданы әкімінің аппараты "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша бөлек жобаны іске асырып жатыр.№ 224 мектеп маңындағы жаңа жол бойында жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады.

"Абаттандыру жұмыстары кешеніне тротуар салу, көше жарығы жүйесін орнату, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қою, сондай-ақ іргелес аумақты көгалдандыру кіреді", – деп хаюарлады әкімдік.

Фото Tengrinews.kz
Фото Tengrinews.kz
Нысан паспортында жұмыс 2026 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізіледі деп көрсетілген. Тапсырыс беруші – Бостандық ауданы әкімінің аппараты, мердігер – "DAC CITY LTD" ЖШС.
Редакция жұмыс барысын бақылайды.
Тағы оқыңыз: Алматы әкімдігі аллеядағы ағаштарды кесу себебін түсіндірдіЖандосов көшесінде жолды қазып тастады: Алматыда жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net