Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстан өтемақы алады: Энергетика министрлігі Доңға кен орны бойынша дауға нүкте қойды

0

Қазақстанда Доңға кен орны бойынша өнімді бөлісу туралы келісім (ӨБК) аясында даулы мәселелер реттелді. Тиісті келісімге бүгін Астанада Энергетика министрлігі қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен "Dunga Operating GmbH" оператор компаниясының бас директоры Нұржан Әбдірахманов "PSA" ЖШС өкілетті органы мен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы өкілдерінің қатысуымен қол қойды. Алдағы уақытта келісім консорциумның шетелдік серіктестері - Oman Oil Company Limited және PTTEP Corporation-ға қол қою үшін жіберіледі.

"Қол қойылған келісім тараптар арасындағы мердігердің жекелеген тарихи шығындарын өтеуге қатысты көпжылдық дауды реттеуді жолға қояды. Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстанның пайдасына келісілген қаржылық өтемақы төлеуді, сондай-ақ активті игеруге бағытталған ауқымды инвестицияларды одан әрі жалғастыруға жағдай жасауды көздейді", - делінген хабарламада.

Анықтама: Доңға кен орны - Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны, ол Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында, Ақтаудан солтүстік-батысқа қарай шамамен 50 шақырым жерде орналасқан. Ол 1966 жылы ашылған, геологиялық мұнай қоры 50 миллион тоннадан аса, газ конденсаты - 1,6 миллион тонна деп бағаланады. Кен орнын игеру 1994 жылы жасалған өнімді бөлісу туралы келісім (ӨБК) шарттары бойынша жүргізіліп жатыр. 2023 жылы жобадағы француздық TotalEnergies компаниясының ірі үлесін "ҚазМұнайГаз" ұлттық операторы сатып алды, ал Oman Oil Company мен Partex серіктес болып отыр.
Сондай-ақ Энергетика министрлігі дауды реттеу кен орнын игерудің 2026–2039 жылдарға арналған жаңа жоспарын іске асыруға көшуге мүмкіндік беретінін хабарлады. Құжат 67,4 миллион баррель мұнай өндіруді және ауқымды күрделі және операциялық инвестициялар тартуды қарастырады.

"Доңға кен орнының әлеуеті жоғары және елдің энергетика саласы үшін стратегиялық маңызға ие. Жобаға ұзақ уақыт бойы жинақталған өтелмейтін шығыстарға қатысты даулы мәселелер кедергі келтіріп келді. Қол жеткізілген уағдаластықтар ұзаққа созылатын сот рәсімдеріне жүгінбей-ақ мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді және жаңа инвестициялық циклге жол ашады. Келісімге қол қою жер қойнауын ұтымды әрі ұзақ мерзімді игерудің негізін қалап, экономикамызға елеулі пайда әкеледі", - деп атап өтті энергетика министрі.

Энергетика министрлігі қол жеткізілген консенсус Қазақстанның тұрақты және болжамды инвестициялық ахуалды сақтауға бейілділігін растайтынын айтты:

"Қазақстан тарапы ұлттық басымдықтар мен 1994 жылдан бері елде жұмыс істеп келе жатқан халықаралық серіктестердің мүдделерін ескере отырып, өзара тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ашық және сындарлы диалогты ұстанады".






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net