Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болды
Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Тиісті өкімге Мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Еске салайық, 3 қазанда Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш басшыны қызметінен босатты. Атап айтқанда, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіров, қорғаныс министрінің орынбасары Алмаз Джумакеев және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қызметінен кетті.
Бұған дейін 27 қыркүйекте Дәурен Қосанов қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
