Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Вице-президент Ерлан Қарин Ватикан делегациясымен кездесті

0

Вице-президент Ерлан Қарин Ватикан делегациясымен кездесіп, II бірлескен коллоквиумның ашылуына қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Вице-президенті – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Ерлан Қарин Қасиетті тақтың дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префекті, кардинал Джордж Джейкоб Кувакадпен кездесті. Кардинал Астанаға II бірлескен коллоквиумға қатысу үшін Қасиетті тақ делегациясын бастап келді.

Кездесу барысында коллоквиум мен съезд аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ бірлескен гуманитарлық бастамаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.

Кардинал Джордж Кувакад Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Рим Папасы ХІV Леоның ыстық ықыласпен жолдаған сәлемін және Қазақстан халқына арнаған ізгі тілегін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Ерлан Қарин мен кардинал Джордж Кувакад ауыр әрі жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың өмірін, денсаулығы мен қадір-қасиетін қорғауға арналған II бірлескен коллоквиумның ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, діни ұйымдардың, медицина, ғылым және білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ сарапшылар жиналды.

Коллоквиумның ашылуында сөз сөйлеген Ерлан Қарин дінаралық диалог нақты гуманитарлық нәтижелерге бағытталуға тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға тоқталды.

Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ал балалардың, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан ең осал топтағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттік саясаттағы маңызды басымдықтың бірі саналады.

Коллоквиумға қатысушылар Қазақстан мен Ватиканның бірлескен бастамасы ретінде ұсынылып отырған жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтары туралы хартия жобасын талқылады. Вице-президент құжатты әзірлеуге қосқан үлесі үшін Дикастерия мен "Бамбино Джезу" госпиталіне алғыс білдіріп, аурухананың біздің елдегі "University Medical Center" корпоративтік қорымен ынтымақтастығын атап өтті.

Сөз соңында вице-президент қатысушыларға жемісті жұмыс пен мазмұнды пікірталас тіледі.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net