Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Жаңа вирус“ па, әлде кәдімгі ЖРВИ ме: биылғы күзде қазақстандықтар немен ауырып жатыр?

0

Қазақстандықтар өте ауыр өтетін "оғаш" вирусқа жаппай шағымданып жатыр. Tengri Health тілшісі қазір елде қандай вирустар таралып жатқанын және олардың арасында жаңа қоздырғыш бар-жоғын анықтады.Қазақстандықтар немен ауырып жатыр?
Біз пікір алу үшін жүгінген Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті күз басталғалы бері Қазақстанда 492 643 ЖРВИ жағдайы тіркелгенін хабарлады. Кейінгі аптада 155 133 адам ауырып қалған - бұл былтырғы маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 пайызға аз.
Зертханалық мониторинг нәтижесі бойынша, қазір елде маусымдық респираторлық вирустар таралып жатыр.
Олардың ішінде:

риновирустар,бокавирустар,парагрипп вирустары,аденовирустар,
РС-вирус және тағы басқалары.

Санэпидбақылау комитеті вирустардың мұндай айналымы үйреншікті маусымдық эпидемиологиялық жағдайға сәйкес келетінін атап өтті.

"ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі әдетте қыс мезгілінде байқалады", - деп нақтылады комитет өкілдері.

Сондай-ақ қазақстандықтар арасында қызу талқыланып жатқан жаңа, ерекше вирус түрлері бар-жоғын сұрадық.
Комитет мұндай ештеңе анықталмағанына сендірді:

"Бұрын белгісіз болған вирустар, сондай-ақ жаңа қауіпті штамның пайда болу белгілері анықталған жоқ".

Бұл ретте кейбір қазақстандықтар аурудың ауыр өтуін суық тию маусымының жоғары аллергиялық белсенділік кезеңімен тұспа-тұс келуімен байланыстырады.

"Маусымдық аллергиялық реакциялар мен ЖРВИ бір мезгілде байқалып, белгілері ұқсас болуы мүмкін. Алайда аллергия мен вирустық инфекциялардың табиғаты әртүрлі, сондықтан оларды диагностикалау мен емдеуге әртүрлі тәсіл қажет", - деп атап өтті ведомство.

COVID-19 бойынша жағдай қандай?
Санэпидбақылау комитетінің деректеріне сәйкес, COVID-19 басқа респираторлық вирустармен бірге таралып жатыр.

"Айналымдағы нұсқалар халыққа қосымша қауіп төндірмейді", - деп толықтырды сарапшылар.

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда COVID-19-дың 139 жағдайы тіркелген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6 есе аз.
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Еске сала кетейік, Қазақстанда тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе науқаны басталды. Елге сатып алынған 2,1 миллион доза вакцинаның алғашқы 564 мыңы жеткізілді. Ол кімдерге арналған және қай жерде салынатыны туралы мына жерден оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда ересектерге қандай екпелер қажет: тегін және ақылы вакциналар тізіміСуық тию маусымы жақын: дәрігерлер қазақстандықтарға вирустардан қорғану жолдарын айтты






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net