Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Израиль премьері Flydubai рейсінде ұшқыш апат жасамақ болғанын айтты

0

Израильдің ресми тұлғалары Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai әуекомпаниясының ұшағында теракт әрекеті жасалғанын мәлімдеп, апаттың алдын алуға көмектескендердің барлығына алғыс білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Euronews басылымына сілтеме жасап.
Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац "Flydubai әуекомпаниясының бортында болған төтенше жағдай жиһадшылардың террорлық акт жасау әрекеті болғанын" атап өтті.
Оның айтуынша, теракт "ұшқыштар кабинасына басып кіріп, терроршыны залалсыздандырған және ұшақты басқаруды сол жерде болған қосымша экипажға өз қолдарымен қайтарып берген бірнеше израильдік жолаушының батылдығы арқасында ғана тойтарылған".
Қорғаныс министрі алдын ала ақпарат бойынша, "терроршының жалғыз мақсаты - бортында жолаушылары бар ұшақты апатқа ұшырату болғанын" хабарлады. Ол сондай-ақ барлығына барлау деректеріне негізделген қауіпсіздік ескертулері мен хабарламаларына құлақ асып, оған барынша сақтықпен қарау керектігін айтты.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израильдің қауіпсіздік органдарына "жаңа қатерлерге дайын болуды" тапсырды.

"Бүгін таңертең Дубайдан Израильге бағытталған рейсте қауіпсіздік саласында өте ауыр оқиға болды. Рейс жолаушыларының барлығы дерлік Израиль азаматтары болды. Ұшақ Израильге жақындап қалған кезде, ұшқыштардың бірі екіншісіне пышақ салып, ұшақты бортындағы адамдармен бірге апатқа ұшыратпақ болған көрінеді", - деді Израиль үкіметінің басшысы.

Оқиғаға қатысты алғашқы мәлімдемесінде Нетаньяху жолаушылардың бірімен сөйлескенін айтты. Жолаушының сөзінше, "ол экипаж мүшелерінің бірімен бірге ұшқыштар кабинасына кіріп үлгеріп, ұшақ жүйелерін істен шығармақ болған ұшқышты бірлесіп залалсыздандырған", сондай-ақ "тағы бір экипаж мүшесі кабинаға кіріп, ұшақты тұрақтандырып үлгерген".

"Мен зеректік пен ерен батылдық танытқан осы қаһармандарға құрметімді білдіремін. Олар көптеген адамның өмірін сақтап қалып, жойқын апаттың алдын алды", - деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі.

Ол "пышақпен шабуыл жасаған ұшқыштың ұсталып, қазіргі уақытта Сауд Арабиясы билігі тарапынан тергеліп жатқанын" хабарлады.
Премьер-министр аппаратының өкілі Нетаньяхудың билікке израильдік және шетелдік әуекомпанияларына қатысты қауіпсіздік шараларын күшейту туралы тапсырма бергенін жеткізді.
Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы әуе кемесінің басып алынғанын білдіруі мүмкін белгі бергеннен кейін Сауд Арабиясындағы Табук әуежайына қонды.
Израиль БАҚ-тарының хабарлауынша, ұшақтың фюзеляжының артқы бөлігіндегі бағыт рулі зақымдалған. Оқиға кезінде Boeing 737 MAX бір минуттан аз уақыт ішінде 34 000-нан шамамен 17 000 футқа дейін шұғыл төмендеген.
Соңғы мәліметтер бойынша, ұшқыштардың бірі (Оман азаматы) пышақпен шабуыл жасап, ұшақты басып алуға тырысқан. Оны жолаушылар мен экипаж мүшелері тоқтатқан. i24News хабарлауынша, жоспарлы жаттығулар аясында бортта қосымша экипаж мүшесі болған. Дәл осы жағдай ұшақты тұрақтандыруға көмектескен.
Ұшақ корольдіктің азаматтық және әскери базасы орналасқан Табук қаласына қонды. Капитан мен ұшқыш жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Сәрсенбі күні кешке жолаушылар Израильге оралды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net