Алматыда Төле би мен Розыбакиев көшелері қиылысында қозғалыс шектеледі
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Атап айтқанда, 30 қыркүйек пен 1 қазанда сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Төле би мен Розыбакиев көшелері қиылысында қозғалыс шектеледі.
Almaty_joly Telegram-арнасынан алынған фото. Қозғалысты шектеу сызбасыЖүргізушілерге жүретін бағытын жоспарлау кезінде шектеуді алдын ала ескеру қажет.
Алматыдағы жабық көшелер30 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Қайрат шағынауданында Тараз бен Бәйге көшелері қиылысынан Сұлутал мен Бәйге көшелері қиылысына дейінгі аралықта қозғалыс шектелді.5 қыркүйектен 10 қазанға дейін Арықов көшесі бойында Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық тоқтатылды.
