Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026

Әбиба Әбужақынова Қазақстан құрамасына Азия ойындарының алғашқы медалін сыйлады

0
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова мансабында екінші рет Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі финалында қазақстандық спортшы жарыс қожайыны Мицуки Кондомен белдесті. Белдесудің басым бөлігінде қарсыластар сәтті әдіс жасай алмады, алайда соңғы минутта жапон қызы Әбибаны қапы қалдырып, "иппон" әдісін орындады.
Нәтиже – Мицуки Кондоның жеңісі.
Айта кетейік, Әбибаның медалі Қазақстан құрамасы үшін Азия ойындарындағы 15-ші күміс, ал дзюдодан алғашқы жүлде болды. Қазір біздің команда қоржынында 9 алтын, 15 күміс және 30 қола марапат бар.
Әбиба Әбужақынова – Қазақстанның танымал дзюдошысы
Әбиба - соңғы жылдардағы әлемнің ең мықты дзюдошыларының бірі және Қазақстандағы ең көп марапатқа ие спортшы. 2022 жылы ол дзюдодан әлем чемпионатының медалін жеңіп алған еліміздің алғашқы өкілі атанды.
Ол өз мансабында әлем чемпионатының үш медалін иеленген: 2022 және 2024 жылдары қола, ал 2025 жылы күміс жүлдегер атанды. Бұдан бөлек, оның еншісінде өткен Азиаданың күміс жүлдесі бар. Ол кезде финалда Жапонияның тағы бір өкіліне есе жіберген болатын.
Спортшының айтуынша, ол 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отыр.
Әбужақынованың күміс жүлдесі – 2026 жылғы Азиададағы қазақстандық дзюдошылардың алғашқы марапаты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

JENYS JUDO CLUB | KAZAKHSTAN (@jenysjudoclub) жарияланымы


Бұған дейін Азия ойындарының финалына олимпиада чемпионы, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов шықты.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net