Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026

Соңғы минуттардағы гол Қазақстан - Словакия матчінің тағдырын шешті

0
29-нан 30 қыркүйекке қараған түні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчінде Словакия командасынан жеңілді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Кездесу C дивизионы 3-тобының екінші туры аясында Кошице қаласындағы "Кошицка футболова арена" стадионында өтті.
Нидерландылық маман Джон ван’т Схип үшін бұл матч ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы ретіндегі екінші ойыны болды. Алғашқы кездесуде Фарер аралдарымен тең түскен болатын - 1:1.
Айта кетейік, Словакия құрамасын қазақстандық футболмен жақсы таныс маман жаттықтырады. Владимир Вайсс 2012–2015 жылдар аралығында "Қайратта" жұмыс істеп, алматылық клубпен бірге Қазақстанның екі кубогін жеңіп алған.Қазақстан құрамасының Словакияға қарсы матчтегі құрамы
Стас Покатилов (Қ), Арсен Әшірбек, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Наурызбек Жагоров, Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман, Исмаил Бекболат, Жасұлан Әмір, Станислав Басманов, Рамазан Кәрімов.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)


Кездесу барысы
Алаң иелері матчтің 26-минутында алғашқы голды соқты. Немістің "Штутгарт" клубының ойыншысы Лео Зауэр мергендігімен көзге түсті.
Алайда 35-минутта Қазақстан есепті теңестірді: Рамазан Кәрімов қарсыластың айып алаңының шетінде допты қабылдап алып, қақпаның жоғарғы бұрышына дәл соққы бағыттады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)


Үзілістен кейін Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы бір ауысым жасап, Исмаил Бекболаттың орнына Александр Мрынскийді шығарды.60-минутта Станислав Басманов пен Жасұлан Әмірдің орнына алаңға Ғалымжан Кенжебек пен Рамазан Оразов шықты.72-минутта Исламбек Қуат жарақатына байланысты алаңнан кетіп, оның орнына Дамир Қасаболат ойынға қосылды.82-минутта Словакия бұрыштама добын орындау мүмкіндігіне ие болды. Ондрей Дуда допты жақын бағанаға асырды, сол жерде мадридтік "Атлетико" сапында өнер көрсететін Давид Ганцко әуедегі тартыста жеңіске жетіп, допты қақпаға баспен дәл тоғытты.
Жіберіп алынған голдан кейін Қазақстан бесінші ауысымын жасап, Арсен Әшірбектің орнына Елхан Астановты шығарды, бірақ есепті теңестіру мүмкін болмады.
Матчтың қорытынды есебі - 2:1, Словакия құрамасының пайдасына.
Осы матчтен кейін ұлттық құрама Астанаға оралып, Молдовамен (2 қазан) және Фарер аралдарымен (6 қазан) ойнайды.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net