Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026

Қазақстандықтарға балағат сөздер жазған “жеке пікірі“ үшін 600 мың теңге төлеуге тура келеді

0

Әлеуметтік желілерде адамның суретін оның келісімінсіз жариялау және балағат сөздер айту сотқа жүгінуге негіз болуы мүмкін. Жоғарғы сот Instagram-дағы жарияланымдар мен WhatsApp-тағы хабарламалар моральдық зиянды өндіруге себеп болған екі іс туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұл жеке пікірім болатын"
Өскемен қаласының тұрғыны Instagram желісінен өзінің фотосы бар жазбаларды көреді. Екі қолданушы суреттің астына балағат сөздер жазып, сот мәліметінше, оның адамгершілікке жат мінез-құлқы мен "клиенттермен арам пиғылды айла-шарғылары" туралы меңзеген.
Жазба авторлары өз сөздерін бұл олардың "жеке пікірі" болғанымен түсіндіруге тырысқан. Алайда сот мұндай ұстаныммен келіспеді.
Жоғарғы сот ақпаратынша, адамға қатысты нақты айыптаулар дәлелдермен расталуы тиіс. Жауапкерлер мұндай дәлелдерді ұсына алмаған. Сонымен қатар, фотосуретті келісімсіз жариялау да құқықтық салдарға әкеп соқты.
Сот жарияланымдарды өшіруді және теріске шығаруды жариялауды міндеттеді. Екі жауапкердің әрқайсысынан моральдық зиян өтемі ретінде 300 мың теңгеден, сондай-ақ сот шығындары өндірілді.
Апелляциялық және кассациялық инстанциялар шешімді өзгеріссіз қалдырды.
WhatsApp скриншоттары дәлел ретінде танылды
Тағы бір іс Жамбыл облысының Шу аудандық сотында экстерриториялық соттылық тәртібімен қаралды. Сот отырысы онлайн режимде өтті.
Астана тұрғыны тұрғындар жиналысынан кейін 1,5 мыңға жуық адамы бар екі WhatsApp чатынан өз фотосуретін тауып алған. Сот мессенджерден алынған скриншоттарды электронды дәлел ретінде таныды. Бұл ретте сот фотоны адамның келісімінсіз көп аудиториясы бар чатқа салуды оның құқықтарын бұзу деп бағалады.
Дегенмен хабарламаларды өшіру туралы талап қанағаттандырылмады. Сот белгілі бір уақыт өткеннен кейін чаттың барлық қатысушысынан хабарламаларды өшіруді қамтамасыз ету техникалық тұрғыдан мүмкін емес екенін көрсетті.
Екі көрші әйелден талап қоюшының пайдасына моральдық зиян өтемі ретінде 20 мың теңгеден өндірілді. Үшінші жауапкерге қатысты талап арыз оның қатысы бар екені дәлелденбегендіктен қанағаттандырылмады.
Жамбыл облыстық соты бұл шешімді қолдады.
Әлеуметтік желідегі жарияланымдар туралы нені есте сақтау маңызды?

"Осылайша, әлеуметтік желілердегі жеке пікір, егер онда адамға қатысты айғақтармен расталмаған нақты айыптаулар болса, жауапкершіліктен босатпайды. Мұндай мәліметтерді жариялағанда, олардың шынайылығын сотта дәлелдеуге дайын болу керек", - деп ескертті Жоғарғы соттағылар.

Сондай-ақ, біреудің фотосын келісімсіз жариялау - оның ішінде топтық чаттарда немесе стористерде - құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Сот практикасы мұндай дауларды қарау кезінде хат алмасу скриншоттары мен экранның басқа да суреттері электронды дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін көрсеткен.
Тағы оқыңыз: Желіде балағат сөз жазғаны үшін қазақстандықтарға қандай жауапкершілік бар?






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net