Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026

Қазақстан мен Қатар азаматтар туралы мәліметтер алмасуға келісті

0

Қазақстан мен Қатар ақпарат алмасу және қылмыстың көптеген түрімен бірлесіп күресу туралы келісімге келді. Бүгін Құрылтай депутаттары тиісті келісімді ратификациялау туралы заңды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елдер немен айналысады?Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәлімдеуінше, келісім Қазақстан мен Қатардың құқық қорғау органдарына өзара іс-қимыл жасауға құқық береді.
Тараптар ақпарат алмасып, мына қылмыс түрлеріне қарсы бірлесе әрекет етеді:

ұйымдасқан қылмыс;терроризм;есірткінің заңсыз айналымы;киберқылмыс;заңсыз көші-қон;адам саудасы.

Келісімге екі елдің ішкі істер министрлері 2024 жылғы 29 қазанда Доха қаласында қол қойған болатын.

"Сондай-ақ ынтымақтастық барысында біз ақпарат алмасып, өз тәжірибемізбен бөлісе аламыз", – деді Әділов.

Қандай тыйымдар болады?Әділовтің түсіндіруінше, егер сұранысты орындау ұлттық қауіпсіздікке немесе қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіреді деп есептелсе немесе ел заңнамасына қайшы келсе, тараптар оны орындаудан бас тарта алады.
Мұндай шектеулер басқа да халықаралық келісімдерде қарастырылған.

"Бұл келісімді ратификациялау Қатармен тиімді жұмыс орнатуға және барлық халықаралық нормаларды ескере отырып, өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті спикер.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 20-дан астам елмен, соның ішінде Франция, Италия, Қытай, Түркия және БӘӘ-мен осындай келісімдері бар.Ұқсас келісім қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр
Отырыс барысында депутаттардың бірі бұл келісім Интерпол арқылы жүзеге асып жатқан қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерін қайталамай ма деп сұрады.
Санжар Әділов келісімнің басқа шарттарды қайталамайтынын айтты. Оның сөзінше, олар құқықтық көмек мәселелерін, соның ішінде қылмыстық істер бойынша сотталғандарды ұстап беру мен тапсыруды реттейді. Толығырақ осы жерден оқи аласыз.
Жаңа келісім нақты құқық қорғау органдарының жедел өзара іс-қимылына қатысты.Қазақстан Қатарға нота жолдайды
Депутат Константин Авершин Қазақстан тарапынан келісімді бірден алты ведомство: ІІМ, ҰҚК, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және Мемлекеттік күзет қызметі орындайтынына назар аударды. Ал Қатар тарапынан тек бір ғана ведомство – ІІМ көрсетілген.
Депутат бұл жағдай іс жүзінде қиындық тудырмай ма деп сұрады. Мәселен, егер Қазақстанның екі ведомствосы бір іс бойынша Қатарға бір уақытта сұраныс жолдаса не болады?Әділов ратификациядан кейін Қазақстан Қатарға арнайы нота жіберетінін айтты. Онда алты ведомствоның әрқайсысы қандай мәселелерге жауапты екені егжей-тегжейлі көрсетіледі. Оның айтуынша, әртүрлі органдардың бір мезгілде бір істі тергеуі іс жүзінде мүмкін емес.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net