Миллион теңге айыппұл: Ақтөбеде мопед жүргізушісі полициядан қашып құтылмақ болған
Полиция мәліметінше, 26 қыркүйекте патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіден тоқтауды талап еткен, алайда ол бұл талапты елемей, қозғалысын жалғастыра берген. Бұл кезде мопед жүргізушісі Жол жүрісі қағидаларын 10-нан аса рет бұзған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe) жарияланымы
Қашу барысында жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, қарсы жолаққа шыққан және өзге де қауіпті маневрлер жасаған. Нәтижесінде ол ұсталып, іс материалдары сотқа жолданды.
Нәтижесінде жүргізуші 8 тәулікке қамауға алынды және оған 1 миллион теңге айыппұл салынды.
Полиция тоқтау туралы талапты елеусіз қалдыруға болмайтынын ескертті. Патрульден қашу әрекеті жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы және қозғалыстың басқа қатысушыларына қауіп төндіруі мүмкін.
Тағы оқыңыз:
Мыңдаған мопед және жаңа куәліктер: Қазақстандағы мототранспорт саласында не өзгерді?
Алматы маңында мопед жүргізушісі зейнеткерді қағып, қашып кеткен
