Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026

“Басқалардан озық тұр“: мексикалық БАҚ Канело - Әлімханұлы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

0
Мексикалық бірқатар БАҚ қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек бокс жанкүйерлері үшін де, қос спортшы үшін де қызықты болуы мүмкін дегене пікірде, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстандық бұрынғы әлем чемпионы атақты мексикалықпен рингке шыққысы келетінін бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Канело Әлімханұлының үндеулеріне жауап бермегенімен, Мексикада бұл ықтимал кездесуді қазір талқыланып жатыр.

"Әлімханұлының жекпе-жекке шақыруы жанкүйерлердің бір бөлігінің қызығушылығын тудырды, алайда ол белбеуге ие болып, мексикалықпен кездеспес бұрын бірнеше шарт орындалуы тиіс", - деп жазады elsureste.com.

Мексикалық тағы бір басылым - Record Жәнібекті жұлдыз деп атап, оқырмандарға қазақстандықтың үндеуі туралы баяндады.

"Бокс жұлдызы Канело Альваресті жекпе-жекке шақырды: "Мен титулдарды біріктіргім келеді", - деп тақырып қойылған мақалаға.

Ал басқа бір басылым Альвареске қарсы шығуға үміткерлер ішінен қазақстандықты ерекше атап өткен.

"Жәнібек Әлімханұлының есімі өзінің техникалық шеберлігі, мінсіз кәсіби рекорды және бірегей спорттық көзқарасы арқасында басқалардан озық тұр. Бокс әлемінде Qazaq Style деген атпен танымал қазақстандық файтер мексикалықпен болатын жекпе-жек бойынша шешімді күтпестен, өз ұстанымын нақты айқындады: оның мақсаты тікелей Халиско спортшысына бағытталған және ол кейін супер орта салмақта біріктіруші жекпе-жек өткізу үшін тағы бір титулды иеленуді көздейтін батыл жоспар құрды. Ацтек боксшысына қарсы жекпе-жекте әдетте айтылатын қомақты қаржыға назар аударғаннан көрі, Әлімханұлы белбеулерді жеңіп алу мен тарихта атын қалдыруға деген таза спорттық талпынысын атап өтті", - деп жазған Infobae.

Канело деген кім және Әлімханұлына онымен жұдырықтасу неге маңызды?
36 жастағы мексикалық Сауль Альварес - қазір әлемдегі ең танымал боксшылардың бірі. Ол бокстан супер орта салмақта абсолют әлем чемпионы болған, сондай-ақ өзге де салмақ дәрежелерінде бақ сынаған.
Оның кәсіпқой бокстағы есебінде 68 жекпе-жек бар, соның ішінде 63-інде жеңіске жеткен (39-ы мерзімінен бұрын).
Оның қазақстандық Геннадий Головкинмен текетіресі бокс тарихында мәңгі қалады. 2017-2022 жылдар аралығында олар үш рет кездесіп, барлық жекпе-жек толық раундтарға созылды. Алғашқы кездесуде төрешілер тең нәтиже тіркесе, екінші және үшінші жекпе-жекте жеңісті мексикалыққа берді.
Фото: TengriNews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Қазір Канелода бірде-бір чемпиондық титул жоқ - ол былтыр төрешілер шешімімен жеңіліп, белбеулерін Теренс Кроуфордқа берген. Бзұл ретте оның WBC нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы титул үшін франциялық Кристиан Мбиллимен жекпе-жегі жоспарланған.
Канелоның белбеулері болмаса да, ол әлемдегі көптеген боксшы жұдырықтасқысы келетін қарсыластардың бірі болып отыр. Канелоның жекпе-жектері спорт тарихындағы ең көп көрілетін және ең жоғары ақы төленетін бәсекелер қатарына кіреді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Saul Alvarez (@canelo) жарияланымы


Әлімханұлы - Канело жекпе-жегі: шарттары
Мексикалық БАҚ пікірінше, Әлімханұлы Канелоның қарсыласы атануы үшін оған супер орта салмақта чемпиондық титулды жеңіп алу қажет. Қазір қазақстандық спортшы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған белбеуге міндетті үміткер.
Оның титул үшін қарсыласы британдық Хамза Шираз болуы тиіс еді, бірақ ол Жәнібекпен жұдырықтасудан бас тартып, белбеуді босатуды жөн көрді. Енді ұйым мен промоутерлер Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк арасында келіссөз жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған белбеу үшін Банкпен жекпе-жекті 11 желтоқсанда Уэльстегі Джошуа - Фьюри турнирінің кардында немесе басқа күні Нью-Йоркте өткізгісі келетінін айтқан болатын.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net