Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026

Біреуін аман алып қалуды өтінген: Астанада отбасы егізінен айырылып қалды

0

Астанада егізге жүкті әйел екі баласынан да айырылып қалды. Отбасы бұл қасіретке дәрігерлердің іс-әрекеті себеп болуы мүмкін деп санап, перинаталдық орталықтың жұмысын тексеруді талап етті. Елорданың денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тергеу басталғанын хабарлады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Босанғанша іштегі өлі ұрықпен жүре беру керек деді"
Бұл оқиғаны әлеуметтік желіде әйелдің туысы айтты. Оның айтуынша, егізге жүкті әйелдің аяғы ауыр болғанына алты ай толғанда, баланың бірі құрсақта шетінеп кеткен.
Жазба авторының сөзінше, дәрігерлер өлі ұрықпен босанғанға дейін жүре беруге болады деп сендірген. Алайда бірнеше аптадан кейін әйелдің денсаулығы сыр бере бастаған.

"Терісі алдымен қою қызыл, кейін көк түске айналды. Біз дабыл қаға бастадық: нәресте іріп жатыр, тірісін аман алып қалу керек дедік. Бірақ нәтиже болмады", - дейді туысы.

Пост авторының айтуынша, әйелді алдымен дерматологқа жіберген, содан кейін оған антибиотиктер тағайындалған. Кейінірек жағдайы нашарлаған кезде оны перинаталдық орталыққа жолдаған.
Туысының айтуынша, ондағы дәрігерлер де шұғыл ота жасау туралы шешімді бірден қабылдамаған.

"Анализдер ала бастады, олардың нәтижесі өте нашар еді, бірақ ешкім кесарь тілігін жасауға немесе асқынудың алдын алуға асықпады. Үш күн! Оны үш күн бойы ұстап отырды", - делінген жарияланымда.

Туысының сөзінше, "Ай көмек" 109 қызметіне хабарласқаннан кейін ғана әйелді дәрігер тексеріп, шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдаған.
Екінші нәресте бір күн ғана өмір сүрді
Жазба авторының айтуынша, ота сәтті өткен: шетінеп кеткен баланы екінші нәрестенің жолдасына зақым келтірмей алып шыққан.

"Сәби 31-аптада дүниеге келді, салмағы 1 келі 600 грамм болды. Дені сау, тіпті жылады да. Отаны жасаған дәрігер кәсіби деңгейде жұмыс істеп, баланың ширақ екенін айтты. Бірақ, өкінішке қарай, ол небәрі бір күн өмір сүрді. Себебі - сепсис. Түсінесіз бе? Сепсис! Тірі бала мен шетінеген баланы сонша уақыт бірге ұстаса, әрине, сепсис болады", - деп түсіндірді автор ашынып.

Отбасы бала өлімін дәрігерлердің әйелдің жағдайына немқұрайлы қарағанымен байланыстырады. Дегенмен, сәбидің өліміне не себеп болғаны және дәрігерлік қателіктің бар-жоғы туралы ресми қорытынды әзірге жоқ.

"Бәріміз жанталастық, сұрадық, өтіндік, шағымдандық, бірақ жауаптың орнына тас кереңдік пен мазақ қылғандай көзқарасқа тап болдық", - делінген жазбада.

Отбасы психолог көмегі туралы мәселе көтерді
Сонымен қатар, туысы балаларынан айырылған әйелге психологиялық қолдау көрсету мәселесін қозғады. Оның айтуынша, жақындары аурухана қызметкерлерінен әйелмен психолог жұмыс істей ме деп сұраған. Оларға маман науқас басқа палатаға ауыстырылғаннан кейін келеді деп жауап берген.
Ол әйелдің анасы қызына келгісі келгенін, бірақ ауруханада тек жұбайының қасында болуына рұқсат берілгенін айтты.
Отбасы көмек сұрап қайда барарын және толыққанды тексеруге қалай қол жеткізуге болатынын білмейтіндерін айтады.
Сөзінің соңында әйел құзырлы органдардан болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, медицина қызметкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді сұрады.
Қызметтік тергеу басталды
Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайды бақылауға алғандарын хабарлады.

"Аталған жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті баға беріледі", - деп хабарлады басқарма.

Сондай-ақ ведомство қазіргі уақытта пациенттің босанғаннан кейінгі бөлімде екенін, қажетті ем қабылдап, медициналық бақылауда екенін атап өтті.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net