Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30

Непалда су тасқыны мен лай көшкіні 20-дан аса адамның өмірін қиды - видео

0
Непалда толассыз нөсер салдарынан көшкін жүріп, басқа да табиғи апаттар салдарынан кем дегенде 21 адам қаза тапты. Тағы бес адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz непалдық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Апаттар қаупін азайту және оларды басқару жөніндегі ұлттық басқарма (NDRRMA) мәліметінше, 24-27 қыркүйек аралығында Непалдың түрлі аймақтарында нөсер жауған. Оған Бенгаль шығанағында қалыптасқан төмен қысымды аймақ себеп болды.
Republica басылымы ведомствоға сілтеме жасап берген мәліметі бойынша, осы уақыт ішінде елде 53 су тасқыны тіркеліп, одан төрт адам қаза тапқан. Тағы 14 адам 256 лай көшкіні салдарынан қаза тауып, төртеуі жараланса, бесеуі жоғалып кеткен. Бұдан бөлек, толассыз жауын-шашынға тікелей байланысты оқиғалардан тағы үш адам мерт болып, біреуі зардап шеккен.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

I Love Siliguri News (@ilovesiligurinews) жарияланымы


Жалпы апаттан 747 отбасы зардап шекті. 143 үй толықтай қирап, тағы 51-і бүлінген. Қауіпті аймақтардың екі мыңға жуық тұрғыны қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды.
Ауа райы құбылысы әсіресе елдің орталық және батыс бөліктерінде қатты сезілген. Бірнеше күн ішінде 180-нен аса метеостанцияда 100 миллиметрден аса жауын-шашын түскен. Ең жоғары көрсеткіш Навалпараси-Ист округіндегі Дедгаун елді мекенінде тіркелді - 544,2 миллиметр. Панчазеде 500,2 миллиметр, Атраулитарда 472 миллиметр жауын жауды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

I Love Siliguri News (@ilovesiligurinews) жарияланымы


Баглунг және Мьягди округтері айтарлықтай зардап шекті. Nepal News-тің соңғы мәліметтері бойынша, Баглунгте көшкін салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы біреуі хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде. Мьягдиде алты адамның қаза тапқаны расталды, үшеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Нөсер жолдарда ауқымды мәселелер тудырды. Су тасқыны мен лай көшкіндері бүкіл ел бойынша ірі магистральдар мен жергілікті жолдарды толықтай немесе ішінара жауып тастады. Кейбір аудандарда билік түнгі уақытта көлік қозғалысына тыйым салды.
Табиғи апат энергетикалық инфрақұрылымға да зиянын тигізді. Гидроэлектростанциялар мен электр беру желілерінің зақымдануы, сондай-ақ кейбір нысандардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр болуы салдарынан Непалдың энергия жүйесі 1,3 мың мегаваттан аса қуаттан айырылды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

I Love Siliguri News (@ilovesiligurinews) жарияланымы


Лай көшкіні өзен арнасын бөгеп тастады
27 қыркүйек кешінде Мананг таулы округінде тағы бір қауіпті жағдай туындады. Чаме ауданында Маршянгди өзеніне топырақ көшкіні құлады. Үйінділер өзен арнасын ішінара бөгеп тастағандықтан, су ағыны азайды. Жергілікті билік жоғары дайындық режимін жариялап, өзеннің төменгі ағысындағы елді мекен тұрғындарына су тасқыны қаупі туралы ескертті.
Дегенмен, 28 қыркүйекке қарай жағдай жақсарды. Nepal News басылымы Ламджунг округінің әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлағандай, Маршянгди өзеніндегі су деңгейі мен ағыс қарқыны төмендей бастаған, қазіргі уақытта су тасқынының тікелей қаупі жоқ.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Al Jazeera English (@aljazeeraenglish)


Осыған қарамастан, нөсер жаңбыр инфрақұрылымды зақымдап үлгерді. Атап айтқанда, Бесисахар муниципалитеті мен Удипур ауданы арасындағы Маршянгди өзені арқылы өтетін автокөлік көпірі зардап шекті.
Елдің бірнеше ауданында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Басылым мәліметінше, Непал армиясы су тасқыны, көшкін мен су астында қалу салдарынан қауіпті жағдайда қалған 684 адамды құтқарған. Эвакуациялау үшін жерүсті көлігі де, авиация да пайдаланылды.
Непал премьер-министрі Балендра Шах өзендер мен тау беткейлеріне жақын маңдағы тұрғындарды аса сақ болуға және мүмкіндігінше аса қажеттілігі жоқ сапарлардан бас тартуға шақырды. Сондай-ақ билік қаупі жоғары аудандардағы мектептерді жауып, көлік қозғалысын шектеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

I Love Siliguri News (@ilovesiligurinews) жарияланымы


Сонымен қатар, метеорологиялық жағдай біртіндеп жақсарып келеді: непалдық синоптиктер ел бойынша жауын-шашынның бәсеңдеуін болжап отыр.
Еске салайық: бірнеше күн бұрын Таиландқа да нөсер жауын жауып, Паттайя көшелерін су басқан болатын. Су деңгейі бір метрге жуық көтеріліп, жолдар жабылып қалды, ал бір туристі ағын су дренажды каналға ағызып әкетті.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net