Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
Қала тұрғындарының айтуынша, жерасты дүмпуі шамамен сағат 06:32-де болған. Бұл ретте ресми органдар әзірге ешқандай хабарлама жариялаған жоқ.
Таңертең "Шығыс Қазақстан" аумағындағы жер сілкінісі туралы қысқаша хабарлама Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында жарияланды. Дегенмен, оқиға туралы толық ақпарат (магнитудасы, эпицентрі) әзірге нақтыланбаған.
