Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30

Петропавлда танымал суретші қамауға алынды

0
Петропавлда видео түсіру үшін қоқыс контейнерлеріне бояумен жазу жазған танымал көше суретшісі Станислав Алерт бес тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Станислав Алерттің әлеуметтік желіде жариялаған видеосы тексеріске негіз болды. Қала аулаларының бірінде түсірілген бейнероликте суретші қоқыс контейнерлеріне бояу баллоншасымен KISS ME (ағылшын тілінен аударғанда "мені сүй") деп жазған. Желідегі бұл видеоны полицейлер көріп, құқықбұзушыны бірден анықтады.
Фото: СҚО ПД

"Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны Станислав Алерт Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол жазылған жазуларды бояп тастап, қоқыс контейнерлерін тиісті қалпына келтірді", - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство "Заң мен тәртіп" қағидаты баршаға ортақ екенін атап өтті. Құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейд шаралар жүргізіліп жатыр.
Фото: СҚО ПД
"Мені қамап жатыр"
25 қыркүйекте суретшінің ісін Петропавл қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қарады. Соттың анықтауынша, құқықбұзушы Петропавл қаласы Ульянов көшесіндегі №55 үйдің жанындағы қоғамдық орында аэрозольді бояуды пайдаланып, қоқыс контейнерлеріне KISS ME деп жазған.

"Осылайша ол айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған. С. Алерт сот отырысында кінәсін толық мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады. Ол қоқыс контейнерлеріндегі жазуды әлеуметтік желілерге арналған видео үшін жасағанын түсіндірді", – делінген сот қаулысында.

Қаулыда "істің мән-жайын ескере отырып, сот бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі қатаң әкімшілік жаза тағайындауды қажет деп санайды" деп көрсетілген.
Фото: СҚО ПД
Жазасын өтеуге кетпес бұрын Станислав Алерт видео жариялады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Осы симуляцияның басты NPS-інен жарияланым (@alertstanislav)


Ол әлемдік деңгейдегі білікті суретші екенін, оның туындылары Берлин мен Париж галереяларында тұрғанын атап өтті.

"Мен - сол қоқыс жәшіктеріне kiss me деп жазған суретшімін. Бұл видеоролик үшін жасалды, мен - Берлин галереясының резидентімін. Жазуды жаздым және бірден оның үстін бояп тастадым. Қызметкерлермен келгенімізде жазулар боялған еді. Бірақ сот мені кінәлі деп танып, бес тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Сонымен, қазір мені қамап жатыр", – деді Станислав Алерт.

"Қолдағы" сары шымшық
Бір қызығы, суретші былтыр полицейлерге "синтетика" жарнамаланған жазуларды өшіруге бірнеше рет көмектескен. Ол есірткі арналарына сілтемелер жазылған үйлердің қабырғаларына суреттер салған. Ол суреттердің басты кейіпкері сары шымшық болатын.
Tengrinews.kz мұрағатынан алынған фото

"Стрит-арт (көше өнері) символикасында сары шымшық еркіндікті білдіреді. Мен бұл бейнені есірткіге тәуелділіктен азат болу идеясын ашу үшін таңдадым. Сары шымшықтың тағы бір мағынасы – армандардың орындалуы. Бүгінде қаламызды әдемі әрі қауіпсіз етсем деген арманымның бір бөлігі орындалды деп айта аламын", – деген еді сол кезде Станислав Алерт.

Ал полицейлер ол уақытта синтетикалық есірткі саудалайтын сайттардың жарнамасы заманауи қалалардың үлкен мәселесіне айналғанын мойындаған болатын. Сондықтан облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ажал себетін граффитилермен күресудің жаңа форматын ұсынған еді.
Олар суретші-еріктіні бояумен және қылқаламмен қамтамасыз етіп, ол мұндай жазулармен бүлінген қабырғаны өнер туындысына айналдырды.
Tengrinews.kz мұрағатынан алынған фото
Станислав Алерт Солтүстік Қазақстан облысында тек суретші ретінде ғана емес, биші ретінде де жақсы танымал. Осыдан бірнеше жыл бұрын ол балалар мен жасөспірімдерге арналған би мектебін ашып, "Танцы на ТНТ" тележобасына қатысқан болатын.
Tengrinews.kz мұрағатынан алынған фото
Алерт граффити және стрит-артпен мектеп кезінен айналысады. Оның жұмыстарын Петропавлдың дәмханаларынан, сұлулық салондары мен фитнес орталықтарынан көруге болады. Сондай-ақ, ол 2018 жылғы қарашада Өңіраралық ынтымақтастық форумы өткен Оқушылар сарайын безендіруге қатысқан.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net