Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30

Әлеуметтік желілерге тыйым салынғаннан кейін балалар не істеуі керек? Үкіметте жауап берді

0

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу жоспарланып отыр. Алайда әлеуметтік желі өзін таныту құралына айналған жас блогерлер, музыканттар, спортшылар мен суретшілердің тағдыры не болмақ? Осындай сауалды журналистер мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовқа қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кочетов талантты балаларды іздеу үшін басқа да алаңдар бар екенін атап өтті.

"Бұл сұраққа философиялық тұрғыдан жауап берейін: бәрі өз орнымен. Егер бала талантты болса, ол міндетті түрде танылады. Қазір бізде мұндай дарынды балаларды анықтайтын көптеген алаңдар, конкурстар мен фестивальдер бар. Бұл - біріншіден. Екіншіден, ата-аналарға өз балалары туралы айтуға немесе оларды көрсетуге ешкім тыйым салмайды", - деп жауап берді ол.

Вице-министрдің айтуынша, түзетулердің мақсаты - балалардың өзін-өзі көрсету мүмкіндіктерін шектеу емес.

"Мәселе талантты шектеуде немесе балалардың дауысын естірпеуде емес. Ең алдымен, оларды әлеуметтік желілердегі психологиялық қысым, кибербуллинг және басқа да жағымсыз әсерлерден қорғау көзделіп отыр. Сондықтан бұл түзетуден Қазақстандағы талантты балалар саны азайып кетпейтініне сенімдіміз", - деді Кочетов.

Түзетулер қашан қабылдануы мүмкін?
Вице-министр заң жобасының қазіргі дайындық барысы туралы да айтып берді.

"Түзетулер Құрылтайда. Бірнеше жұмыс тобы өтті, қазір талқылау жалғасып жатыр... Әзірге нақты күнін айта алмаймыз. Үкімет тарапынан бұл түзетулер маусымның аяғында енгізілді. Енді оларды депутаттармен бірге талқылаймыз", - деді ол.

Еске салайық, заң жобасында 16 жасқа толмаған пайдаланушыларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу қарастырылған. Мессенджерлер үшін ерекшелік жасау ұсынылып отыр.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманы қолдап, оны басым тәртіппен қарауға шақырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы заң жобасы қабылданғанға дейін оны іске асыру тетіктерін алдын ала пысықтау қажет екенін баса айтты.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net