Дәулет Бекманов қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Дәулет Бекманов қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда ақпаратында.
Дәулет Бекмановтың өмірбаяны
Дәулет Бекманов 1983 жылы дүниеге келген. Ол "Мирас" университетін және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын жеке компанияда жүйелік инженер болып бастаған. Кейінгі жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" (ҰАТ) АҚ-да, сондай-ақ Байланыс және ақпарат; Көлік және коммуникациялар; Инвестициялар және даму министрліктерінде қызмет атқарды. 2018–2020 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылы ақпанда Бекманов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетін басқарды.
2023 жылдың мамыр айында "Қазпошта" АҚ-ға ауысып, онда мемлекеттік қызметтер жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды.
2025 жылдың шілдесінде Бекманов "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басшысы қызметіне кірісті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
