Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда граффити мәселесі не болмақ: ІІМ жаңа тыйымды түсіндірді

0

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда граффитиге салынатын жаңа тыйым қалай жұмыс істейтінін және оның ғимарат иелерінің рұқсатымен салынған суреттерге қатысы бар-жоғын түсіндірді. Мән-жайын ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Бұған дейін ІІМ басшысы Ержан Сәденов Қазақстанда қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға жазу мен сурет салуға тыйым салуды және бұл үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыруды ұсынған болатын. Премьер-министр Олжас Бектенов ІІМ-ге заңнамаға тиісті өзгерістер дайындауды тапсырды.
ІІМ не ұсынып отыр?
Игорь Лепеханың айтуынша, мұндай әрекеттер үшін қазір де жауапкершілік қарастырылған. Мән-жайға байланысты құқықбұзушылар вандализм, ұсақ бұзақылық, абаттандыру ережелерін бұзу немесе мүлікті бүлдіру баптары бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

"Бүгінде Қылмыстық кодексте "Вандализм" бабы бар. Ол қолданыста, біз оны пайдаланып жүрміз. Биыл вандализм фактілері бойынша 11 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деді министрдің орынбасары.

Лепеханың түсіндіруі бойынша, ІІМ-нің ұсынысы - тікелей граффити салу үшін жеке бап қарастыру. Бұл құқықбұзушыны қай бап бойынша жауапқа тарту керек екенін анықтау кезіндегі түсініспеушіліктерді жоюы тиіс.
Бұл ретте нақты ережелер Әділет министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп әлі де әзірленуі керек.

"Құқық бұзушылық құрамы қандай болады, ол қалай жұмыс істейді және қандай жауапкершілік қарастырылады - мұның бәрі әлі талқыланады. Сондықтан қазір бұл туралы айту ерте", - деді Игорь Лепеха.

Ал заңды граффитилер не болмақ?
Сондай-ақ журналистер бұл тыйым меншік иесінің келісімімен қабырғаларға және басқа да нысандарға салынатын суреттерге де қатысты бола ма деп сұрады.
Лепеханың айтуынша, егер граффити ғимарат иесінің рұқсатымен салынса, мұндай суретке қатысты ешқандай сұрақ туындамауы тиіс.

"Бүгінде меншік иесінің рұқсатынсыз ғимараттарға немесе қоршауларға қандай да бір сурет салуға не жазуға онсыз да тыйым салынған. Шартты түрде айтсақ, біреу келіп сіздің мүлкіңізге бірдеңе салса, бұл сізге ұнай қоюы екіталай", - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Дегенмен, норманың түпкілікті нұсқасы әлі анықталған жоқ. Лепеханың сөзінше, түзетулерді талқылау барысында ерекше жағдайлар немесе басқа да тәсілдер пайда болуы мүмкін.
ІІМ айыппұлдың ықтимал мөлшерін де әлі нақтылаған жоқ.

"Әзірге бұл тақырыпты талқылаған жоқпыз. Қазір қолданыстағы заңнама аясында жұмыс істеп жатырмыз. Шынын айтсам, кешеден бері әлі талқыламадық", - деді Лепеха.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғимараттардың қабырғасына граффити салатын адамдарға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды. Осыдан кейін ІІМ заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net