Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

“Бұлай істемеуі керек“: ІІМ туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуын түсіндірді

0

Ішкі істер министрлігі Астанада туристік полицияның екі қызметкері блогермен түскен видеодан кейін не себепті жұмыстан шығарылғанын түсіндірді. Жағдайға қатысты ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте журналистер министрдің орынбасарынан полиция қызметкерлері өз әрекеттерімен қазақстандықтарға қандай зиян келтіргенін және болған жайт неге жұмыстан шығаруға негіз болғанын сұрады.
Лепеха ІІМ шешімі қоғамда үлкен резонанс тудырғанын және қазақстандықтардың пікірі екіге жарылғанын айтты.

"Біз бұл мәселені тәртіптік комиссияда қарадық. Комиссия қызметкерлер қыздардың іс-әрекетінен кем дегенде қызметтік әдеп пен полицейлердің мінез-құлық талаптарын бұзу белгілерін анықтады", - деді ол.

Министр орынбасарының айтуынша, қызметтік міндетін атқару үстінде және форма киіп жүрген полиция қызметкерлері мұндай мінез-құлыққа жол бермеуі тиіс.

"Қызметтік міндетін атқарып жүрген және формадағы полиция қызметкерлерін блогерлердің көтеріп алуына жол беруге болмайды. Бәлкім, біз консервативті көзқарастағы адамдар шығармыз, бірақ полиция қызметкерлері бұлай істемеуі керек деп есептейміз", - деді Лепеха.

Тәртіптік комиссияның қорытындысы бойынша қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды.

"Тәртіптік комиссия бұл қыздарды жұмыстан шығару керек деп шешті. Бәлкім, олар өздерін мәдениет саласынан табар", - деп толықтырды министрдің орынбасары.

"Егер ән айтып, би билейтін болсақ"
Журналистер Лепехадан ІІМ-нің мұндай реакциясы "халыққа жақын полиция" тұжырымдамасына және құқық қорғау органдарының жұмысын ашық әрі адамдарға бағытталған ету туралы көпжылдық үндеуге қайшы келмей ме деп те сұрады.
Министрдің орынбасары бұл уәжбен келіспеді.

"Халыққа жақын полиция", қоғаммен іс-қимыл жасайтын полиция деген ұғым мүлдем басқа нәрсені білдіреді. Полиция қызметкері азаматтардың мұқтажын көріп, соған әрекет етуі тиіс. Егер қылмыс жасалса, оны барынша тез ашу керек. Егер полицей қызметте болса, ол құқық бұзушылықтың алдын алуы қажет. Бұл - біздің негізгі міндетіміз", - деді Лепеха.

Оның айтуынша, қызметкерлердің ойын-сауық контентке қатысуы полицияның негізгі функцияларына жатпайды.

"Егер біз ән айтып, би билейтін болсақ, бұны полицияның басты функциясы деп атау қиын. Бәлкім, бұған жекелеген жағдайларда және жұмыстан тыс уақытта жол берілетін шығар - оған мархабат", - деді ол.

Лепеха полиция жұмысында ешқандай өзгеріс жоқ деген тұжырыммен келіспейтінін жеткізді.

"Меніңше, сіздер ұғымдарды шатастырып отырсыздар. Полиция реформасы көптеген жыл бойы үздіксіз жүріп жатыр. Мен полицияда қанша жұмыс істесем, ол сонша уақыт реформаланып келеді. Кемелдіктің шегі жоқ, сондықтан біз бұл жұмысты ақылға қонымды шеңберде жалғастыра береміз", - деп түйіндеді министрдің орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Астана туристік полициясында қызмет атқаратын екі қыз бен блогер түскен видео тараған болатын. Кадрларда ер адам қыздарды қолына көтеріп алған. Кейін екі қызметкердің де қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылғаны белгілі болды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net