Мерекеге байланысты автокөліктер Қазақстан мен Қытай шекарасынан өте алмайды
2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу тоқтатылады, деп хабарлайды Tengri Auto Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Шектеу Қытайдағы Күз ортасы мерекесіне байланысты енгізіліп отыр.
Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтарға енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады.
Бұл ретте Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Бұл қандай мереке?
Күз ортасы мерекесі ай күнтізбесі бойынша 8-ші айдың 15-ші күні тойланады, 2026 жылы бұл күн 25 қыркүйекке сәйкес келеді. Бұл күні бір-біріне "Ай тоқаштарын" сыйлау дәстүрге айналған.
Қазіргі қытайлықтардың көбі ай күнтізбесін қатаң ұстанбағанымен, Күз ортасы мерекесін барлығы дерлік атап өтеді. Бұл күн Аспан асты елінің тұрғындарына үш күндік демалыс сыйлайтынымен де маңызды.
Бейжіңде демалыс күндері жолға шығуға қатысты шектеу ережелері қолданылмайды.
Бұған дейін депутат көліктердің Қытайдан Қазақстанға кіру ережелерін қайта қарауды ұсынғаны туралы жазған едік.
Тағы оқыңыз: Қытай елге кіру және шығу ережелерін өзгертті
