Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Меморганның қателігінен кейін қазақстандыққа жер құқығы қайтарылды

0

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот кәсіпкерден ауданы 36 гектардан асатын жер учаскесін алып қою туралы шешімнің күшін жойды. Бұған мемлекеттік орган тарапынан рәсімдердің бұзылуы себеп болған, деп хабарлайды Tengri Home Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сөз болып отырған 36,56 гектар жер учаскесі жеке кәсіпкерге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін берілген.

Жер ресурстарын басқару департаменті 2023 жылдың ақпанында жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жердің мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқанын анықтаған. Кәсіпкерге нұсқама беріліп, заң бұзушылықты жоюға бір жыл уақыт берілді.

Мерзім аяқталғаннан кейін мамандар учаскені қайта тексеріп, жердің әлі де пайдаланылмай жатқаны туралы акт жасаған. Осыдан кейін департамент жерді мәжбүрлеп алып қою туралы талаппен сотқа жүгінген.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар мемлекеттік органды қолдап, жерді алып қою туралы шешім шығарды. Алайда Кассациялық сот өзгеше тұжырымға келді.

Сот ақпаратынша, Жер кодексінде жерді мәжбүрлеп алып қоюдың нақты тәртібі қарастырылған. Мұндай талап арызбен сотқа жүгінбес бұрын, уәкілетті орган заңда көзделген әкімшілік жаза қолдану шараларын жүзеге асыруы тиіс.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдаланғаны немесе пайдаланбағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 338-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Яғни, кәсіпкерге айыппұл салынуы немесе ескерту жасалуы керек еді. Алайда департамент сотқа жүгінер алдында кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.

Осылайша, рәсімнің міндетті кезеңі орындалмаған.

Кассациялық сот кәсіпкердің шағымын қанағаттандырып, бірінші және апелляциялық сатыдағы шешімдердің күшін жойды және оның жер учаскесіне құқығын қалпына келтірді.

Кассациялық сот бұл шешім жердің мақсаты бойынша пайдаланылғанын мойындау емес, дәл осы жерді алып қою тәртібінің бұзылуымен байланысты екенін атап өтті.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net