Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Бавария“ аңызы Чемпиондар лигасының екі тарихи рекордын орнатты

0
"Баварияның" неміс қақпашысы Мануэль Нойер Чемпиондар лигасының "Буде-Глимтке" қарсы матчінде тарихи екі жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Неміс қақпашысы Мануэль Нойер 2026/27 жылғы Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің бірінші турындағы "Буде-Глимтке" қарсы ойында жаңа тарихи рекорд орнатты. "Баварияның" 40 жастағы капитаны турнир тарихындағы жасы ең үлкен неміс ойыншысы атанды. Матч кезінде оның жасы 40 жас 167 күн болған, бұл оған бұрынғы рекордшы Йенс Леманнан (40 жас 127 күн) асып түсуге мүмкіндік берді.Нойер тағы бір жетістігімен көзге түсті: ол Чемпиондар лигасындағы 18-ші маусымын өткізді - бұл Германияның барлық футболшысы арасындағы рекорд көрсеткіш.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Manuel Neuer (@manuelneuer) жарияланымы


Нойер ЧЛ-дағы алғашқы матчінде қақпасын голдан аман сақтады2026 жылдың 10 қыркүйегінде Мюнхендегі (Германия) "Альянц Аренада" болған матч 40 жастағы қақпашы үшін тыныш өтті. Норвегиялықтар мюнхендіктер қақпасы маңында айтарлықтай қауіп төндіре алмады және қақпа бағанасына бірде-бір соққы бағыттаған жоқ.
Нойер бірде-бір сейв жасамаса да, айып алаңы мен қорғаныс шебі сыртындағы кеңістікті сенімді бақылап отырды. Оның жұмысы негізінен ойынды артқы шептен ұйымдастырумен және қақпадан бірнеше рет шығумен шектелді. Бір эпизодта Нойер қақпадан тым ұзап кеткенде, қарсылас мұны пайдаланып алыстан соққы бағыттауға тырысты, бірақ доп жанынан өтіп кетті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Manuel Neuer (@manuelneuer) жарияланымы


Нойердің командаластары үшін матч белсендірек өтті. Бірінші тайм голсыз аяқталды, алайда екінші таймның 47-минутында есеп ашылды: неміс хавбегі Джамал Мусиала ағылшын форварды Харри Кейннің соққысынан кейін кері қайтқан допты іліп алып, қақпаның алыс бұрышына дәл көздеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы


Кейін, 61-минутта Харри Кейн француз вингері Майкл Олисенің айып добынан асырған пасын баспен соғып, есепті еселеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы


77-минутта канадалық қорғаушы Альфонсо Дэвис бұрыштамадан кейінгі доп тартысында алыстан соққы бағыттап, қақпаны әдемі голмен дәл көздеді.
Бұдан кейін, 83-минутта Майкл Олисе допты қақпаның алыс тоғыздығына шыр айналдырып салды, ал қосымша уақытта (90+2) дубль жасап, бесінші допты торға тоғытты. Ойын қорытындысы бойынша Олисе "Матчтің үздік ойыншысы" марапатын иеленді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы


Кездесудің қорытынды есебі - 5:0.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы


Нойер - "Баварияның" аңызы
Мануэль Нойер "Баварияға" 2011 жылдың жазында "Шалькеден" ауысып келіп, тез арада клуб символдарының біріне айналды. Мюнхенде өткізген он жарым жыл ішінде ол ондаған жүлдеге қол жеткізді, оның ішінде Бундеслига чемпиондығының рекорд саны, екі Чемпиондар кубогі (2013 және 2020) және көптеген ұлттық кубок бар.
Нойер футбол тарихындағы ең үздік қақпашылардың бірі, "свипер-кипер" стилінің ізашары және команданың көпжылдық капитаны. 40 жасында да ол "Баварияның" негізгі қақпашысы әрі көшбасшысы болып отыр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Manuel Neuer (@manuelneuer) жарияланымы


18 матчте 2 тең ойын: Чемпиондар лигасының алғашқы туры қалай өтті?





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net