Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстан бойынша 1,3 миллион газ есептегішін ауыстыру қажет. Оны кім төлейді?

0

2030 жылға қарай Қазақстанда 1,35 миллион газ есептегіші ауыстырылуы тиіс. Олардың орнына тұтынушыларда көрсеткіштерді қашықтан жіберетін "ақылды" есептеу құралдары пайда болуы керек. Жаңа смарт өлшегіштер үшін кім төлейтінін Тengri Нome анықтап көрді.
Жаңа буын есептегіштеріне көшу заң жүзінде бекітілді. 2026 жылғы 24 тамыздан бастап газбен жабдықтау мәселелері бойынша түзетулер күшіне енді, соған сәйкес газ есептегіш құралдары деректерді қашықтан жіберуі тиіс.
Қазақстанда газ есептегіштерін ауыстыру: бұл кімге қатысты және тұтынушылар не істеуі керек?
Есептеу құралдарын ауыстыру тек деректерді онлайн режимде жолдай алмайтын ескі үлгідегі есептегіштері бар тұлғаларға ғана қатысты. Бұл талап тек жеке үйлер мен пәтерлерді жылыту үшін газ пайдаланатындарға ғана қолданылады.

"Бұл газды тек тамақ дайындау үшін пайдаланатын көппәтерлі үйлерде тұратын тұтынушыларға қатысты емес. Газбен жабдықтауға қосылып қойған тұрмыстық тұтынушылардың жаңа есептегіш құралын өз бетінше сатып алуы және өз қаражатына орнатуы талап етілмейді - оны ауыстыруды газ таратушы ұйым жүзеге асырады, бұл азаматтарды есептегіш құралдарын сатып алу, оларға техникалық қызмет көрсету және міндетті тексеру шығындарынан босатады. Қалған тұтынушылар үшін ауыстыру өз есебінен жүргізіледі. Жаңадан қосылатын барлық тұтынушы деректерді беру функциясы бар есептегіш құралдарын сатып алуы тиіс", - деп түсіндірді "QazaqGaz Aimaq" газ тарату компаниясы.

Бірақ мұнда бір мәселе бар: компания ескі есептегіштерді жаңасына тек түзетулер күшіне енгенге дейін, яғни 2026 жылғы 24 тамызға дейін орнатылған жағдайда ғана ауыстырып береді. Қалғандары автоматты түрде жаңа тұтынушылар санатына жатады. Сондықтан олар құрылғыларды өз есебінен орнатуы керек. Олардың құны 37 мың теңгеден басталады және отын шығынына байланысты болады, яғни пәтер үшін ол газ қазаны орнатылған үйге қарағанда арзанырақ түседі.

"Бұл ретте өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар есептеу құралдарын өз бетінше сатып алады", - деп нақтылады компания.

Ескі газ есептегіштерін жаңасына ауыстыру қашан басталады?
Заң есептегіштерді дереу ауыстыруды талап етпейді, бірақ мерзімдері белгіленген. Компания өз қаражаты есебінен 1,35 миллион есептеу құралын 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін ауыстыруы тиіс. Қалған тұтынушылар, яғни мұны өз есебінен жасауы тиіс тұлғалар 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін ауыстыруы қажет.
QazaqGaz Aimaq есептегіштерді екі кезеңде ауыстырады:

2026–2027 жылдар - Шымкентте, Түркістан және Қызылорда облыстарында 455,3 мың газ есептеу құралын орнату;
2027–2029 жылдар - Қазақстанның қалған газдандырылған өңірлерінде 896,8 мың газ есептеу құралын орнату.

Қазір бірінші кезең жүріп жатыр.
Тағы оқыңыз:
Қазақстанда газ тұтынушылары 100 миллиард қарыз: борышкерлер тізімі






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net