Тамызда “Апорт“ тұрағынан жоғалып кеткен алматылық үш аптадан кейін Шымкенттен табылды
Сархыт Руслан Аманкелдіұлы (04.06.1993 жылы туған) 2026 жылдың 16 тамызында жоғалып кеткен. Сол күні кешкі сағат 21:15 шамасында ол Қарасай ауданы, "Молл "Апорт" СОО мекенжайындағы автотұрақтан шығып кеткен.
Жоғалған кезде ер адамның үстінде қара футболка, қара шорты және қара резеңке аяқ киім (шлепанцы) болған.
7 қыркүйекте еріктілерге тиісті мәлімет түскеннен кейін, жоғалған адам Шымкенттен табылды. Ер адам үйленген, төрт баласы бар екені анықталды. Еріктілердің айтуынша, ол отбасылық мәселелерден шаршап, үйінен кетіп қалған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласы және Алматы облысының «LIDER.KZ» еріктілерінің жарияланымы (@volontery_lider.kz_almobl)
